astana-view

Палата кәсіпкерлерді бизнесті қорғаудың экожүйесі аясында бірге жұмыс істеуге шақырады

2022 жылғы 04 Тамыз
- Қызылорда облысы
7702 просмотров

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы қазір «Атамекен» ҰКП-ның кәсіпкерлікті қорғаудың экожүйесін құру жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Бизнесті қорғаудың экожүйесі аясында кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын бұзу фактілерін және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде қажетсіз әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу көзделіп отыр.

Ол үшін Кәсіпкерлер палатасы прокуратурамен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментпен, сондай-ақ қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге маманданған заңгерлер мен заңгерлік қызметтер көрсететін компаниялармен бірге жұмыс істеп жатыр.

«Кәсіпкерлердің құқығын қорғау барысында мемлекеттік органдар тарапынан жиі кездесетін құқық бұзушылық фактілеріне талдау жүргізіледі. Осы мақсатта облыстық прокуратурамен бірлескен бұйрық шығарып, жұмыс тобын құрдық», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов.

Сонымен қатар, жұмыс тобымен бизнес субъектісінің қызметіне араласудың себеп-салдарын зерттеумен қатар, тексеруден кейін бизнеске келтірген салдарын зерделеу жоспарланып отыр. Бұл мәселе кәсіпкерлерді негізсіз немесе мерзімінен бұрын қылмыстық қудалауға тарту арқылы қылмыстық қудалау органдарының бизнеске келтірген залалын  жалпылау үшін қажет.

Осы орайда, Кәсіпкерлер палатасы қызметінде негізсіз қылмыстық қудалау орын алған бизнес өкілдерін төмендегі телефондар бойынша палатаға немесе прокуратураға хабарласуды сұрайды.

  • Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы

Тел.: 8/7242/400981, 8 777 454 98 12

  • Қызылорда облысы прокуратурасы

Тел.: 8/7242/277747 (ішкі 307), 8 778 702 31 33


Еншілес ұйымдар

Серіктестер