astana-view

Қазақстандық белсенділер Қазақстаннан Ыстықкөлге баратын тау өткелін қайта ашты

2022 жылғы 26 Тамыз
7318 просмотров

Жолаушылардың пилоттық топтары Озерный және Сарыбұлақ асулары арқылы өтті. Тау өткелі арқылы Ыстыққөлге сапар сәтті іске асқан жағдайда бұл өткелдер туристер үшін  2023 жылдан ашылады.

Таудағы соқпақ жолдар түрлі себеппен 2009 жылдан бері жабық тұр: Қырғыз Республикасынан келген гидтердің жұмысына тыйым салынды, сондай-ақ Қазақстанға туристік көлік үшін шектеу қойылды. Тау өткелін ашу  «Атамекен» ҰКП, бизнес-қоғамдастық, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, екі елдің мемлекеттік органдары мен Мәжіліс депутаттарының бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды.

«Бұл тауға шығуды жақсы көретіндерге де, екі елдің туризмін дамыту үшін де айтулы оқиға. Енді трекингтен басқа, атқа міну, маунтинбайкингті дамыту, марафондар өткізуге мүмкіндік жасалады. Біз екінші маршрут сызу, маршрут бойынша қандай қауіпті аймақтар барын анықтау үшін Сарыбұлақ өткелі арқылы аттанамыз. Тау жолдарын оңай өткеріп, келер жылдан бастап осы екі маршрут бойынша туристер де келіп дем алады деп үміттенеміз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

 Тау соқпақ жолдарын жаңғырту бастамасы «Kaz Alpine Club» АҚ және «КАТО» ААҚ (Қырғыз туроператорлар қауымдастығы) ұйымдарына тиесілі.

«2022 жылдың сәуірінде біз Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп түйткілді мәселелерді реттеу, жауапкершілікті бөлу және маршруттарды ашу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті рәсім мен хаттамаларды пысықтауға дайын екенімізді айттық», — деді «Kaz Alpine Club» ҚБ басшысы Тимур Дүйсенғалиев.

 «Атамекен» ҚР ҰКП «Kaz Alpine Club» ҚБ бастамасын қолдап, бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік органдардың өкілдері және Мәжіліс депутаты Ерлан Смайловпен бірлесіп, бизнес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, сондай-ақ Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдарымен өткелдерді қайта жаңарту мәселесін көтерді.

 «Kaz Alpine Club өкілдері Ұлттық палатаға өтініп жасап, ҰКП сарапышлар бірден жұмысқа кірісті. Тау соқпақ жолдарын жаңартуға позиция мен негіздемелер Үкіметпен ұзақ талқыланды, ұсынысты Президент аппаратына және сыртқы істер министрлігіне жолдадық. Бұл ұсынысты Мемлекет басшысы қолдап, екі елдің бірлескен отырысында атап өтті. Жаз айларында ҰКП мүдделі тұлғалармен бірлесіп, Қырғызстан мен Қазақстанның ведомстволары және шекара қызметтерімен келіссөздерге қатысты. Бүгінгі сапар – сол жұмыстың жемісі», – деді ҰКП басшысы.

Бірінші топ сапарды 25 тамызда Үлкен Алматы көлінен бастап, Озерный (3520 м) және Ақсу-Солүстік асулары арқылы жалғасады. «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері қатысып жатқан екінші топ бүгін, 26 тамызда  «Көлсай көлдері» Ұлттық паркі-Саты ауылынан аттанады. Екі топ 28 тамызда Қырғыз Республикасы Ыстықкөл жағалауында кездеседі.

Маусым-шілде айларында Озерный және Сарыбұлақ асулары бойынша пилоттық өткелдерді ұйымдастыру 2023 жылғы жазғы маусымда бағыттарды ашу және ілгерілету үшін қажеттінің бәрін қамтамасыз ету үшін далалық апробация жүргізуге арналған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер