Қасым-Жомарт Тоқаев Қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырды
Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен бизнес-қоғамдастық құрылыс саласындағы салалық заңнаманы кодификациялау мәселесін 2016 жылдан бастап көтеріп келеді. Бүгін, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тұжырымдамалық жаңа құжат – Қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырды. Мемлекет басшысы әрбір қала бойынша жер учаскелерінің функциялық және интерактивті карталарын және коммуналдық желілер схемаларын жасау қажеттігін атап өтті.
2018 жылы Ұлттық палата Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығымен бірлесіп, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы аясында қала құрылысы кодексін әзірлеудің негізділігін анықтау бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижелері салада құрылыс саласында кодификацияланған акт жасау үшін қажетті алғышарттардың қалыптасқанын көрсетті. Қорытынды бойынша саланы құқықтық реттеудің бірқатар жүйелі проблемалары бар: заңнаманың тұрақсыздығы мен болжамсыздығы, реттеуде кешенді және жүйелі тәсілдің болмауы, қосымша заң актілердің пайдасына реттеудегі теңгерімсіздік деген тұжырым жасалды.
Қазақстанда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы мемлекет, қоғам және халықтың жіті назарында. Бұл шара қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қолайлы және оңтайлы өмір сүру ортасын құруға және адам өміріне арналған саланың ерекшелігіне байланысты. Бұл міндеттерді іске асыру салалық заңнамаға, оның ел саясаты мен экономикасындағы болып жатқан өзгерістерге әрекет ету мүмкіндігіне байланысты.
«30 жыл бұрын қабылданған қолданыстағы заңнама жүйесіз, тиісті өзгерістер енгізуді талап ететін көптеген олқылық, қайышылықтарға толы. Нормаларды құрылыс процесінің барлық қатысушына түсіну қиын, олар тиімсіз және шамадан тыс реттеледі. Заңнама дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес келмейді және іс жүзінде құрылыс саласының барлық саласында инновацияларды енгізуге кедергі келтіреді», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Төралқасының Құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының м.а. Ирина Манжанова.
ҰКП мамандары атап өткендей, ағымдағы реттеу қолданыстағы құқықтық қатынастардың ерекшеліктері мен алуан түрлілігін ескермейді. Заңнама жаңа, неғұрлым прогрессивті, кешенді және жүйелі реттеуді қажет етеді. Бұл құқықтық актілерді жетілдірудің орындылығын көрсетеді. Кодификациялау қоғамның қажеттіліктеріне жауап беретін, құқықтық реттеудегі жинақталған олқылықтар мен қайшылықтарды жоятын жаңа нормаларды белгілейтін жиынтық кодификациялық заңнамалық актіні қабылдауды көздейді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құқықтық қатынастарды реттеудің барынша толықтығы қамтамасыз етілетін болады.
«Орта мерзімді перспективада кодификациялау саладағы қатынастарды мемлекеттік-құқықтық реттеудің орын алып отырған проблемаларын шешу үшін негіз жасайды. Өйткені құжат ретсіз және жүйесіз дамып келе жатқан нормативтік құқықтық актілерге терең талдау жүргізуге және оларды біріктіруге, инвестициялық ахуалды жақсартуға ден қоюға, құрылыс қызметі субъектілерінің құқығын қорғауға байланысты рәсімдерді халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге, экономиканың түрлі салаларындағы қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді», – деді «Атамекен» ҰКП Құрылыс және жер қатынастары департаментінің директоры Назира Үсенова.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысына құрылыс бизнесі үшін аса маңызды бастаманы ілгерілетуге көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Бизнес-қоғамдастық қала құрылысы кодексінің жобасын әзірлеуде осы жұмысқа сала сарапшылары мен мамандарын тарта отырып, ынтымақтастыққа дайындығын білдіреді.
Осы мәселеге қатысты толық ақпарат:
https://atameken.kz/kk/news/26119-stolichnyj-biznes-za-gradostroitel-nyj-kodeks
https://atameken.kz/kk/news/30885-gradkodeks-byt-ili-ne-byt
Пікір қалдыру:
Пікірлер: