astana-view

Үміт Шаяхметова «Ісіне адалдығы үшін» орденімен марапатталды

2022 жылғы 20 Қыркүйек
5019 просмотров

Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова «Атамекен» ҚР ҰКП төралқасының шешімі бойынша «Ісіне адалдығы үшін» орденімен марапатталды.

Үміт Шаяхметова Halyk Bank-тің басқарма төрайымы қызметін 2009 жылдың 22 қаңтарынан бастап атқарп келеді. 2009 жылғы сәуірде Halyk Bank Директорлар кеңесінің мүшесі болды. Ол банк қызметінің көптеген негізгі бағытына жетекшілік етеді. Оның басшылығымен Банк командасы қойылған стратегиялық міндеттерді табысты іске асырып келеді, жылдан жылға Қазақстанның жетекші екінші деңгейдегі банкі мәртебесін дәйекті түрде растап келеді.

Банктің бір ғасырға жуық тарихы біздің еліміздің тарихымен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда Halyk Bank бірқатар қаржылық көрсеткіштер бойынша жетекші орынға ие болып, республикадағы бірінші банк атанды. Банктің жоғары әлеуметтік маңыздылығын атап өткен жөн: оның 2,5 млн-нан астам клиентке қызмет көрсететін зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы төлеу жөніндегі ең ірі төлем агенті. Бұдан басқа, банк тұрақты негізде жыл сайынғы көлемі ондаған млрд теңгеден асатын қайырымдылық қызметін жүзеге асырады.

Көптеген мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде банк бөлінген қаражат сомасы, қол қойылған субсидиялау және кепілдік беру шарттарының саны мен көлемі бойынша лидер.

2018 жылдан бастап банк әйелдер кәсіпкерлігін қолдау аясында өз қаражатынан 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. 500-ге жуық кәсіпкер әйелдер Банктің жеңілдетілген несиелерін 5%-бен пайдаланды. Жақында Halyk Bank басшысы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі өз бағдарламасы аясында алтыншы миллиардтың бөлінетіні туралы хабарлады.

Банк елде болып жатқан қайғылы оқиғалардан сырт қалмайтыны айқын. Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде Halyk Bank бірінші болып несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және ТЖ кезінде несиелер бойынша айыппұлдарды алып тастау туралы мәлімдеді. Банк қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 95 млн теңге төледі, қаза тапқандардың туыстарына жалпы сомасы 20 млрд теңгеден асатын кредиттерді жапты.

 Банк бұзақылар мен тонаушылардың әрекеттерінен зардап шеккен Алматы кәсіпкерлеріне жалпы сомасы 400 млн теңге өтеусіз гранттар берді, сондай-ақ «Қазақстан халқын» қорына 3 млрд теңге аударды.

Қостанай облысындағы орман өрттері кезінде Halyk Bank 103 өртенген үй иелерінің барлық кредиттерін жауып, олардың әрқайсысына бірінші кезектегі қажеттіліктерге 1 млн теңгеден төледі.

Өз кезегінде, Банк «Атамекен» ҚР ҰКП-ның марапаты банктің еліміздің экономикалық және қоғамдық өміріне қосқан қомақты үлесін тағы да растағанын атап өтті және Halyk Bank қызметіне осындай жоғары баға бергені үшін кәсіпкерлерге алғыс білдірді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер