astana-view

ЕЭК нөлдік кедендік баж салығын жарты жылға ұзартты – Ұлттық палата

2022 жылғы 24 Қыркүйек
7866 просмотров

23 қыркүйекте Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында кедендік әкелу баждары мен тарифтік жеңілдіктердің шекті импорт тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты қолданылу мерзімін ұзарту мәселесі қаралды. Комиссия Кеңесі отырысының күн тәртібінде 60-қа жуық мәселе қаралды.

Сындарлы импорт тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу баждары мен тарифтік жеңілдіктердің нөлдік мөлшерлемелерінің қолданылу мерзімі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің импорттаушылары үшін 2023 жылғы 31 наурызға дейін ұзартылды.

Шикізат:  фармацевтикалық және химиялық өнімдер, лактар, бояғыштар, тоқыма мен теріні өңдеуге арналған құралдар, желім мен крахмалдардың жекелеген түрлері, пластмассалар, резеңке, целлюлозадан, жүннен, мақтадан және зығырдан жасалған бұйымдар, химиялық жіптер, иірімжіп және талшықтар.

 Дайын өнімдер: дәрілік заттар, медициналық жабдықтар, зертханалық зерттеулерге арналған реагенттер, желімдер, майлау материалдары мен жылтыратпалар, резеңкеден және пластмассадан жасалған бұйымдар, қағаздың жекелеген түрлері, прокаттың және қара металдардан жасалған бұйымдардың жекелеген түрлері, магниттік таспалар мен дискілер, деректерді сақтауға арналған жүйелер, балалар тағамы.

Мұнай және газ бойынша техникалық регламенттердің өтпелі кезеңінің қолданысы ұзартылды. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін «тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің өтпелі кезеңі ұзартылды (2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді). 2025 жылғы 1 шілдеге дейін реттеушілік әсерді бағалауды жүргізбестен «тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанатын табиғи газдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің қолданылуы ұзартылды (2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданыла бастады).

Осылайша, өтпелі кезеңнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін:

- техникалық регламент күшіне енген күнге дейін ЕАЭО құқығына кіретін актілерде немесе мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті міндетті бағалауға жатпайтын өнімді өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен таңбалаусыз өндіру және мүше мемлекеттердің аумақтарында айналысқа шығару рұқсат етіледі;

-өнімнің көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған құжаттар болған кезде, мүше мемлекеттердің аумақтарында ЕАЭО құқығына кіретін актілерде немесе мүше мемлекеттің заңнамасында бұрын белгіленген міндетті талаптарға сәйкес өнімді өндіру және айналысқа шығаруға рұқсат етіледі.

Коронавирус инфекциясы салдарынан орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ халықаралық шекаралардың нақты жабылуы жағдайында мұнай-газ кешенінің бірқатар компаниясы техникалық регламент талаптарын (ЕАЭО ТР 045/2017, ЕАЭО ТР 046/2018) қайта жабдықтауға және іске асыруға дайындадуға толық көлемде дайындала алмады. Осыдан кейін ЕАЭО-ға мүше жекелеген мемлекеттерге қатысты енгізілген арнайы экономикалық шаралар қалған қысқа уақыт аралығында өндіруші ұйымдардың объектілерін дайындау, регламенттерде белгіленген талаптарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғыртуды аяқтауға мүмкіндік бермейді.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Кеден одағының «сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізді. Техникалық регламенттің ұғымдық аппараты нақтыланды, сүт өнімдерінің жекелеген түрлерінің сәйкестендіру, физика-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бөлігінде техникалық түзетулер енгізілді. Бұл шешім ресми жарияланған күннен бастап 360 күннен кейін күшіне енеді.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында жеке тұлғалар үшін тауарларды бажсыз әкелу шегінің қолданылуын 2023 жылғы 1 сәуірге дейін 1000 еуроға ұзарту туралы шешім қабылданды.

 

 

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 7 қазанда өтеді. Ауқымды күн тәртібін, оның ішінде ЕАЭО кедендік аумағына әкелу және сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімнің айналысы ерекшеліктері туралы мәселелерді талқылау жоспарлануда. Сондай-ақ, комиссия деңгейінде аса сезімтал тауарлар бойынша кедендік әкелу бажының нөлдік мөлшерлемесін ұзарту талқыланады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер