astana-view

Ұлттық палатада сот жүйесін реформалауға қатысты жұмыс тобы құрылды

2022 жылғы 17 Қараша
8979 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

Қазіргі кезде мемлекет қоғам тарапынан сенімділікті арттыру мақсатында сот жүйесін сапалы қайта құру, заман талабына сай жаңарту бойынша шараларды қолға алып жатыр.

Бизнес-қоғамдастықтың мүддесін сақтау үшін «Атамекен» ҰКП алаңында ғалымдар, адвокаттар және заң қоғамдастығының өкілдері қатарынан жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының мақсаты соттардың құрылымы, судьялар корпусын жаңарту, судьялардың жоғары тұрған әріптестеріне тәуелділігін төмендету бойынша нормативтік актілерге теңдестірілген ұсыныстар мен түзетулер әзірлеу.

Судьялардың толыққанды тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолдарының бірі облыстық соттар төрағалары және облыстық соттар алқаларының лауазымдарына үміткерлерді іріктеу кезінде сайланбалы механимздерді қолдану ұсынылады.

Өңірдің облыстық және барлық аудандық, қалалық сотының судьялары сайлауға қатысуы әділ шешім көрінеді, ал дауыс берудің өзі құпия жүргізілуі керек.

Бастапқы кезеңде облыстық соттар үшін эксаумақтылықты енгізу ұсынылады, содан кейін бірінші сатыдағы судьялар апелляциялық сатыдағы әріптестеріне қарамай шешім қабылдай бастайды.

 Эксаумақтылық қолданған кезде іс автомат түрде басқа өңірдің апелляциялық жүйесіне түседі. Басқа өңірдегі судьялар шешім қабылдаған аудандық судьяны білмейді. Осындай шара анағұрлым әділетті, объективті шешім қабылдауға көмектеседі.

 Пысықталған ұсыныстардың нәтижесі  Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам»  Қазақстан халқына жолдауында белгіленген  заң үстемдігі және сот төрелігі сапасын қамтамасыз ету болады.

Жұртшылықтың кең ауқымын жұмыс тобына қатысуға тарту арқылы барлық назар аударарлық ұсынысты ескеруге және сайып келгенде әділетті мемлекет құруға ықпал ететін сот жүйесін жаңғырту жөніндегі қадамдарды ұсынуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер