РФ вице-премьерімен өткен кездесуде ҰКП өкілдері қазақстандық бизнестің проблемаларын атады
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов отандық кәсіпкерлердің Ресей Федерациясымен ынтымақтастықта кездесетін проблемаларын көтерді. Спикер бұл сұрақтарды Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчуктің екіжақты кездесуі барысында қойды.
Бұл проблемалар жайында кәсіпкерлер Ұлттық палатаға жүгінген кезде жиі хабарлайды. Атап айтқанда:
- Ресей Федерациясынан ҚР аумағына автокөлікпен ағаш материалдарын әкелуді шектеу;
- Ресей Федерациясына, егер әкімшілік айыппұлдар болса тасымалдаушы жүргізушілердің кіруіне тыйым салу.
«ҚР-дан келе жатып РФ аумағында айыппұлды төлеу өте қиын. Бұдан басқа айыппұл төленсе де тыйым шешілмеген жағдайлар да бар. Төлем жасалған соң айыппұлды базадан өшіру процедурасы ұзақ уақыт алады», – деді Тимур Жаркенов.
Сондай-ақ, спикер РФ кеденінің жүк көліктердегі техникалық дәліздерді талап ету мәселесін айтты.
«Шекарада арнайы техникамен (рентген) жабдықталған өткізу пункттері жеткіліксіз немесе олар үзіліспен жұмыс істейді. Сонымен қатар, тексеру кезінде тентті көтеру жеткілікті. Бірақ жергілікті тексерушілер елемейді және бәрін түсіруге мәжбүр етеді, бұл машақатты шаруа», – деді Тимур Жаркенов.
Ресей тарапынын өкілдері мәселелерді талқылау және шешу қажеттілігімен келісті.
«ҰКП Ресей Федерациясымен орын алған барлық проблеманы білмейді. Сондықтан кәсіпкерлерден өз өңіріндегі палатаға жүгініп, проблемасын айтуын сұраймыз. Проблемалар әрдайым тез шешіле бермейді, бірақ біз оларды жедел шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді Тимур Жаркенов кәсіпкерлерге.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: