Кәсіпкерлер тау-кен металлургия секторын дамыту мәселелерін талқылады
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің отырысында отандық кәсіпкерлер кеңесінің қорытындысы, салық салу, қазақстандық өңдеушілерді металдармен қамтамасыз ету мәселелері және Комитеттің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілері одағының төрағасы Владимир Дворецкий және «Қазақстанның түсті және қара металл сынықтарын дайындаушылар мен қайта өңдеушілердің өзін-өзі реттейтін ұйымы» қауымдастығы формасындағы ЗТБ төрағасының орынбасары Владимир Лик қара және түсті металл сынықтарын дайындаушылардың проблемаларын көтерді.
Владимир Дворецкийдің айтуынша, сынықтарды экспорттауға тыйым салу нормативтік актілермен реттелмеген және осы салада жұмыс істейтін кәсіпорындарды шығынға батырады. Бұл дегеніміз шағын және орта бизнес өкілдері. Ал сынықтарды дайындаушылар металлургиялық кәсіпорындардың сынықтарды жеткізгені үшін төлемдерді уақыты алмайды, вагондардың жетіспеушілігіне тап болады.
Тағы бір мәселе – отандық өңдеушілерді металл турлерімен қамтамасыз ету. Қазіргі кезде тау-кен металлургия кәсіпорындары «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңының 60-бабында регламенттелген қолданыстағы тәртіпке сәйкес өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөнінде ерікті үшжақты келісімдер жасап жатыр.
ҚР ИИДМ «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексіне және «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР заңына жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату, ал қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеу түріндегі ТМК кәсіпорындарының жауапкершілігін көздейтін түзетулер пакетін әзірледі.
«Біз тараптардың міндеттемелері, оларды орындау шарттары және басқа да мәселелер тараптар арасындағы келісімшарт негізінде реттелуі тиіс деп санаймыз. «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР заңын әзірлеу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар қолдаған бастапқы тұжырымдама сондай болған. Көп компания ерікті негізде келісімшарттарға қол қойды, осындай практика кең қолданыс табуы керек», - деді Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары Ербол Закариянов.
Комитет мүшелері бұл мәселені мемлекеттік органдармен қайта талқылауды ұсынды.
Жаңа Салық кодексін дайындау мәселесі де қаралды. Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары Максим Кононов осындай қызметті ынталандыратын техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу жөніндегі операцияларға салық салу тәртібін айқындау және халықаралық салық салуға қатысты Салық кодексінің бөлімін қайта қарауды ұсынды. Сондай-ақ дивидендтерге салық салуға қатысты қағидаларғае өзгерістер енгізу, оның ішінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенциялардың ережелерін өз бетінше қолдануға тыйым салудың күшін жою, бірқатар бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіру тәжірибесін қайта қарау ұсынылды.
Комитет отырысы аясында Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен қаңтардың басында өткен тау-кен металлургия меселелеріне арналған отандық кәсіпкерлер кеңесінің қорытындысы шығарылды. Комитет төрағасы Николай Радостовец кеңесте ТМК стратегиялық даму, экологиялық және салық заңнамасы мәселелеріне ерекше назар аударылғанын атап өтті. Әрбір түйткілді мәселе бойынша жол картасы дайындалды.
«Біз Кеңеске тиянақты дайындық жүргіздік. Үш ай бойы мемлекеттік органдармен бірелсіп, саладағы түйткілді мәселелер талқыланды. Ол сұрақтардың жартысы Отандық кәсіпкерлер кеңесі өтпей жатып шешімін тапты», - деді Николай Радостовец.
Кеңес шеңберінде кәсіпкерлер мемлекеттік жоспарлау жүйесінде «экономикалық өсу мен Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырудың драйвері ретінде жер қойнауын дамыту» жалпыұлттық басымдығын бекіту, сондай-ақ саланы дамытудың нақты бағдарларын айқындау үшін тау-кен металлургия секторын дамыту стратегиясын әзірлеуді ұсынды. Сондай-ақ, Кеңесте тау-кен металлургия кешені салық салу жүйесінің тұрақсыздығы, мемлекеттік органдармен келісудің ұзақ рәсімдері талқыланды. Мемлекеттік органдардың жер қойнауын пайдаланушылармен өзара іс-қимылында жобалық және басқа құжаттарды келісу рәсімдерін оңтайландыру және қысқарту арқылы «бірыңғай терезе» қағидатын енгізу ұсынылды.
Бұдан басқа Кеңесте салық жүктемесінің коэффициентін есептеу әдістемесін қайта қарау мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, қазіргі кезде ҚР Қаржы министрлігі қолданатын қағидалар негізінде есеп айырысу кезінде ТМК-дағы салық жүктемесі 8-9%-ды құрайтыны атап өтілді. Алайда, егер салық жүктемесінің коэффициентін есептеу үшін бастапқы деректер ретінде мемлекетке төленген салықтардың салық салынғанға дейінгі компаниялардың пайдасына арақатынасын қолдануды көздейтін Дүниежүзілік Банктің жалпыға бірдей танылған әдістемесі негізінде есептеу жүргізілсе, онда Қазақстанның тау-кен металлургиялық кәсіпорындарына салық жүктемесі 40-45%-ды құрайды, осылайша Қаржы министрлігінің сандарынан бірнеше есе ерекшеленеді.
Жиын барысында Премьер-министр Кеңестің келесі отырысында ғылым және кадрлар даярлау саласындағы түйткілді мәселелерді көтеру туралы ұсынысын қолдады.
Комитет төрағасының айтуынша, Отандық кәсіпкерлер кеңесінің форматы тиімділігін көрсетті және осы алаң шеңберінде Үкіметпен өзара іс-қимылды жалғастыру жоспарланған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: