Кәсіпкерлер такси қызметі саласында ұсынылған өзгерістерге алаңдайды
Түзетулер пакеті Парламент Сенатында Әлеуметтік кодекс шеңберінде талқыланады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алаңында мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан такси қызметтерінің республикалық қауымдастығы және ҚР автокөлік қызметкерлері одағы өкілдерінің платформалық жұмыспен қамту арқылы такси қызметтерін реттеу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Жиын барысында Ұлттық палата, қауымдастықтар және ҚР ИИДМ және ІІМ өкілдері такси қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын жеке тұлғаларды тасымалдаушы деп таныған жағдайда таксидің көлеңкелі нарығы ұлғайып кетеді деген алаңдаушылық айтылды.
Қазіргі кезде осы қызметтерді «Автомобиль көлігі туралы» заңды бұза отырып, жеке тұлғалар интернет-платформаларды пайдалана отырып көрсетіп жатыр.
«Осы түзетулерге қатысты бірқатар сұрақ бар. Мысалы, BUS LANE компаниясы – кез-келген жеке тұлға такси қызметімен айналыспаса да хабарлама арқылы автобус жолағымен жүре алады. Интернет-платформалар жүргізушілер - жеке тұлғаларға жолаушылардан алынатын төлемдерді қолма-қол ақшасыз төлеуді қалай жүзеге асырады? Қазір жүргізушілерді интернет-платформаларға тартып, тіркейтін және жүргізушілерге төлемдерді өз комиссиясын ұстап, жүзеге асыратын таксопарктер бар. Бұл таксопарктер машиналарды техникалық байқаудан өткізу және жүргізушілерді медициналық тексеру бойынша қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамайды», – деп атап өтті Қазақстанның такси қызметтері республикалық қауымдастығының төрағасы Медет Құрманов.
«Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің басқарушы директоры Мұрат Әміриннің айтуынша, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс орындарын ұлғайту, еңбек қатынастарын сақтау және такси саласында әлеуметтік аударымдар мен салық төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын «Атамекен» ҰКП қолдайды. Сонымен қатар, Парламент Сенатында Әлеуметтік кодекс шеңберінде талқыланатын түзетулер мұқият талдауды талап етеді. Өйткені мұны салдары қауіпсіздік нормалары мен халықаралық келісімдерді елемеуге әкеледі.
«Шетелдік есептегі көптеген машина Қазақстан қалалары бойынша жолаушыларды тасымалдауға қол жеткізе отырып, мобильді қосымшаларда тіркеледі. Бұл заңнамалық деңгейде тыйым салынған каботаж деп аталады. Маңызды мәселе – көлік құралдарының техникалық жағдайы және оларды сәйкестендіру. Өйткені қосымша арқылы тапсырыс беру кезінде басқа нөмірлермен мүлдем басқа бренд келеді, бұл халықтың жеке қауіпсіздігіне тікелей қатысты болғандықтан алаңдаушылық тудыруы керек. Терең талдау жүргізіліп, «артықшылықтары» мен «кемшіліктері» анықталып, пилоттық жобаны және тиісті жұмысты жүргізбей-ақ заңнамаға инновацияларды бірден енгізу керек», – деп атап өтті Мұрат Амрин.
Кәсіпкерлер қолданыстағы заңнама шеңберінде жұмыс істеуді және оны қатаң сақтауды ұсынады. Заңнаманы сақтаутасымалдау процесінің барлық қатысушысы, оның ішінде жолаушыларға тапсырыстар беру жөніндегі цифрлық платформаларға тікелей қатысты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: