Аяқ киімді таңбалау Қазақстандағы импорттаушылар, бөлшек саудагерлер және түпкі тұтынушыларға теріс әсерін тигізеді
Аяқ киімді бақылау және сәйкестендіру белгілерімен (бірегей нөмірлері бар QR кодтары) таңбалау – импорттаушылар мен бөлшек саудагерлер үшін өзекті мәселеге айналды. Өйткені, бұл процесс қымбат, күрделі және машақаты көп. Қазір елде бағалардың өсіне қарсы күрес жүріп жатқанда, таңбалау керісінше осы жағдайды ушықтыра түседі, ең соңында қатардағы тұтынушыларға қосымша шығын болады. «Ашкөз кәсіпкерлер халық есебінен байып жатыр» деп айтқанымызда мемлекеттік реттеу халық тұтынатын тауарлардың жоғары бағасына жағдай жасайтынын түсінуміз керек. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Сауда департаментінің басқарушы директоры Әсет Айтбаев аяқ киімнің таңбалануындағы осы және басқа да өзгерістер туралы айтты.
Таңбалауды жақтаушылар бұл құрал қоғам үшін де, мемлекет үшін де орынды екенін айтып, пайдасын дәлелдеуді жалғастырып ажтыр. Қазақстанда жаңа процесті іске асыру үшін көптеген консультант пен көмекшілер пайда болған.
Ал импорттаушылар мен бөлшек саудагерлер таңбалаудың орынсыздығы туралы дәлелдер келтіріп әлек. Бірақ мәселені тыңдайтын, шешетін ешкім жоқ. Халық үніне құлақ асатын мемлекет жұмыс істейді ме екен деген сауал туындайды.
2023 жылдың 1 сәуірінде 2021 жылдың 1 қарашасына дейін әкелінген таңбаланбаған аяқ киім қалдықтарын сату мерзімі аяқталады және кейінге қалдыру мерзімінің аяқталуымен қоса бизнестің өзекті мәселесі оны дереу шешуді талап етеді.
Таңбалауды енгізу ақтала ма, таңбалауға қойылған мәселелерді шешуге арналған басқа құралдар бар ма?
Таңбалауды жақтаушылардың (мемлекет, отандық өндірушілер және таңбалау операторы – «Қазақтелеком» АҚ) айтуынша, тауарларды таңбалау процестерін қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе саладағы нақты көріністі қалыптастыруға мүмкіндік береді және оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауға ықпал ететін болады. Таңбалау нарықты контрафактіден тазартуға, салық және кедендік төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді деп болжанған.
Алайда, контрафактілік проблемаларды шешу кеден органдарына жүктелген және бизнестің күшімен шешілмеуі тиіс.
Қазіргі кезде тауар айналымын бақылау жүйесі іске асырылған. Көтерме буын контрагенттердің электрон шот-фактураларды камералдық салыстырып тексеруіне байланысты ашық, яғни салық органдарына тауар ағындары қазірдің өзінде көрініп тұрады.
Контрафактілік өнімнің импортымен күресті зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі күрес жүргізеді.
Аяқ киім импорттаушылар мен сатушылардың позициясы қандай?
Таңбалауды енгізудің барлық оң перспективасына қарамастан, аяқ киімді импорттаушылар мен бөлшек саудагерлердің ортақ позициясы – таңбалауды жою немесе оны ерікті негізге аудару.
Өйткені таңбалау қаржылық шығынды, артық, тиімсіз, бірін-бірі қайталайтын талаптарды белгілеп, кәсіпкерлердің мойнына контрафактіге және көлеңкелі айналымға қарсы күрес жүргізу бойынша мемлекеттің функциясын іліп қояды.
Аяқ киімді таңбалау шағын бөлшек нүктелерге де кері әсерін тигізеді.
Аяқ киім бөлшек саудасының мәліметтері бойынша аяқ киімді таңбалау жөніндегі талаптарды орындауға байланысты базалық шығындар бір сауда нүктесіне шамамен 1 194 500 теңгені құрайды (аяқ киімнің орташа айналымы 5 мың жұп болғанда).
Сонымен қатар, өндіруші/импорттаушы неғұрлым үлкен болса, өнім бірлігіне таңбалау соғұрлым арзан болады. Яғни, отандық аяқ киім өндірушілерінің атынан таңбалауды жақтаушылар нәтижеге қол жеткізе алмайды – импорт тоқтамайды, өйткені олар әрдайым шетелдік өндірушілер мен ірі импорттаушылардан экономикалық тұрғыдан ұтылатын болады.
Импорттаушылар мен бөлшек саудагерлер цифрландыруға немесе тауар айналымын бақылауға қарсы емес. Кәсіпкерлер қолданыстағы бақылау құралдарын жетілдіру және артық және қайталанатын таңбалау құралдарын алып тастау арқылы оңтайлы реттеуге шақырады.
Таңбалау тұтнышулырағ қалай ықпал етеді және аяқ киім бағасына әсер қандай болады?
Қазіргі экономикалық сын-қатерлер, оның ішінде инфляция аясында (2022 жылғы желтоқсанда жылдық инфляция 20,3%-ды құрады) таңбалау аяқ киім бағасының өсуіне және тиісінше халық арасындағы әлеуметтік шиеленістің артуына ықпал етеді.
Таңбалауды қолдану аяқ киімнің ең арзан, жаппай және қымбат сегменттерінде тұтынушылар үшін ассортименттің төмендеуіне ықпал етеді.
Шағын кәсіпкерлер қазірдің өзінде қосымша қызметкерлерді жалдау қажеттілігіне тап болды. Олардың экономикалық қызметі тиімсіз болып барады, нәтижесінде кәсіпорындар біртіндеп жабыла бастайды.
Тұтынушыларға өндірушіден тек түпнұсқа аяқ киім ғана қол жетімді болатындығы күмәнді болып көрінеді. Өйткені таңбалау арқылы, керісінше, контрафактілі аяқ киімді заңдастыруға болады. Ешқандай айырмашылық жоқ сәйкестендіру құралы қандай аяқ киімге қолданылады (таңбалау) егер ол үшін төленсе.
Таңбалауда қарастырылған мәліметтер халық үшін пайдасы шамалы, өйткені бұл ақпарат нақты аяқ киім қораптарында көрсетілгендіктен, оны қайталаудың қажеті жоқ.
Сауда департаментінің позициясы қандай?
Сауда департаменті мамандарының пкірінше, таңбалау тауарға құндылық қоспайды, кәсіпкер үшін үлкен проблемаға айналады, ал тұтынушы үшін шығындардың қажетсіз өсуі орын алады.
Таңбалау контрафактіні таратудың қолданыстағы схемасын жоймайды. Бұл тек заңды өнімнің құнын арттырады, ал көлеңкелі нарықтағы тауар бағасы бойынша одан әрі тартымды бола түседі.
Жоғарыда қарастырылған барлық аспекті аяқ киімнің қымбаттауы мен қол жетімсіздігіне байланысты әлеуметтік шиеленіс түрінде кері әсер етуі мүмкін, ал аяқ киім – соңғы iPhone-ға ие болу емес, күнделікті қажеттілік.
Тауар айналымын реттеудің тиімді моделін құру үшін қолданыстағы реттеудің нәтижелерін байсалды бағалау, таңбалау сияқты қайталанатын бақылау құралдарын алып тастау, оны ерікті негізге аудару қажет.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: