astana-view

ЕАЭО трансшекаралық нарығында қазақстандық кәсіпорындардың шығынын қалай азайтуға болады

2023 жылғы 16 Мамыр
4934 просмотров

«Атамекен» ҰКП Қоғамдық қабылдауының отырысында Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің санын ұлғайту мүмкіндігі және автомобиль өткізу пункттері арқылы ағаш материалдарының жекелеген түрін әкетуге рұқсат беруге қатысты мәселелер талқыланды.

15 мамырда ЕЭК министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блоктың қоғамдық қабылдауының отырысында ЕАЭО трансшекаралық нарықтарына шығу кезіндегі кедергілер, ішкі нарықтарды қорғау, сертификаттау, Одақта ортақ нарықтар құру және ондағы бәсекелестік мәселелері талқыланды.

 Шараға ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері, бизнесмендер және Агенттік жанындағы кедергілер жөніндегі кеңестің мүшелері қатысты.

Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, трансшекаралық нарықтардағы өзгерістерге уақтылы әрекет ету үшін Комиссия бәсекелестік саласындағы мәселелерді реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізеді.

«Трансшекаралық нарықтардағы кедергілер мен шектеуді кезең-кезеңімен жою үшін, елдегі заң шығару бизнестің сұранысына жауап беруі үшін біз мұнда қоғамдық қабылдау сияқты іс-шараларда түйткілді мәселелерді талқылап, Комиссия зерттеген жағдайларды қарауымыз керек. Даулы мәселеде ақиқат салтанат құрсын», – деді министр.

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов қазіргі кезде Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасында 30 автомобиль өткізу пункті жұмыс істеп тұрғанын және ағаш материалдарының жекелеген түрін халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға небәрі үш автомобиль өткізу пункті бекітілгенін хабарлады. Спикердің айтуынша, мұндай жағдай қазақстандық кәсіпорындардың уақыт және қаржылық шығынының ұлғаюына әкеп соғады.

«Ағаш өңдейтін көптеген кәчіпорын Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында орналасқан. Олар шикізатты негізінен көрші елдің Алтай өңірінен тасымалдайды. Ағаш материлдарын Солтүстік Қазақстан облысының аумағы арқылы әкелген жағдайда тауарды тасымалдау мерзімі ұзарып, логистикалық шығыстар едәуір өседі. Ағаш өңдеу саласының кәсіпкерлері Ұлттық палатаға Ресей тарапымен келіссөздерде қосымша өткізу пункттерін орнатуға бастамашылық жасау және Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы Ресей Федерациясынан жекелеген ағаш материалдарын әкетуге рұқсат беру туралы өтініш білдірді. Шығыс Қазақстан облысындағы Ауыл, Павлодар облысының Сұлу ағаш, Шарбақты және Өрлітөбе, Ақтөбе облысының Әлімбет және Жайсан пунктері айтылып отыр», – деді Тимур Жаркенов.

Спикер екіжақты кездесу барысында қазақстандық тарап ағаш материалдарын әкету үшін Ресей-Қазақстан шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің тізбесін кеңейтуді қарастыруды ұсынғанын айтты. Бұл мәселе ЕЭК алаңында да талқыланды.

Бұдан басқа, Ресей тарапы ағаш материалдарын (бөрене) жүк автомобиль көлігімен әкетуге рұқсат беруге дайын екені туралы ауызша келісімге қол жеткізілді. Оған қатысты әкетудің шекті көлемі және тек теміржол көлігі белгіленді. Алайда, қазіргі кезде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ауызша ақпаратына сәйкес, Ресей тарапы бөрене ағашты автокөлікпен әкетуге рұқсат беруге дайын емес.

Монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры Алексей Сушкевич  трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікті қорғау жөніндегі комиссияның өкілеттігі туралы баяндады. Спикер Комиссияның құзыретіне қандай мәселелер кіретінін және ЕАЭО елдерінің ұлттық реттеушілері қандай бұзушылықтарды қарастыратынын түсіндірді.

«Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары Рустамбек Уарысбекұлы ортақ электр энергетикалық нарықты қалыптастыру кезінде баға белгілеуді реттеуге қатысты бірқатар мәселе мен тәуекелдерді көтерді. Спикер қатысушылардың назарын тарифтік жүйелердегі айырмашылықтар, кенжелеп тұрған бәсекелестік, электр энергиясын біркелкі тұтынбау, салық саясаты мен реттеудегі айырмашылықтарға аударды.

 Бұдан басқа жиынға басқа өңірлерден бизнес өкілдері қатысты. «Орал Мұнайгазгеология» АҚ өкілі Юлия Церковникова көрші елден тауарды әкетудің рұқсат беру тәртібін, атап айтқанда, қазақстандық компаниялардың балансындағы жабдықтарды жою мәселесін көтерді.

  MGM Construction ЖШС өкілі Владимир Графкин полиэтилен өнімдерін өндіру саласындағы қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілетсіз жағдайлары туралы айтты.

«Сүт од ЗТБ өкілі Дінмұхамед Айсаутов қауіпті өнімдер тізілімін қамтитын «Техникалық регламенттердің сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі шаралар» құжатын ратификациялау келісіміне қарсы шықты. Кәсіпкерлер оны «сәйкес келмейтін өнімдер тізілімі» деп атауды ұсынады. Сондай-ақ, техникалық регламентте бірыңғай санитариялық талаптар болған жағдайда мемлекетішілік келісімнің күшін жою ұсынылды.

Сүт және май өнеркәсібінің өкілдері Дінмұхамед Айсаутов пен Галина Онищенко «қауіпті өнім туралы» ақпараттық тізілімінің атауы әлі күнге дейін «сәйкес келмейтін өнім туралы» деп ауыстырылмағанына алаңдаушылық білдірді. Өйткені бұл мәселеде Ресей тарапы кедергі келтіріп жатыр. Ресей тарапының осы тізілімді қайта атау жөніндегі ҚР бастамасын қолдаудан бас тартуын отандық бизнес өкілдері қазақстандық тауарлардың «қара» тізіміне енгізу арқылы нарықтан бәсекелестерді жоюға және кедергілер орнатуға деген ұмтылыспен байланыстырады.

Сондай-ақ, азық-түлік өндірісінің өкілдері Роспотребнадзордың ұсынысы бойынша Еуразиялық комиссия санитариялық талаптардан техрегламенттерге көшу кезінде көрсеткіштердің сандық мәндерін мемлекетішілік келісуді алып тастауды жоспарлап отырғанын, бұл астықтағы глифасаттардың деңгейін арттыруға тырысқанда немесе астықтағы фосфаттарға тыйым салуда болғандай даулы "ғылыми" негіздемелермен расталған бір қатысушы үшін қайралған талаптарды белгілеуге әкеп соқтыратынын айтты.  

«Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ президенті Жібек Әжібаева  мемлекетішілік келісімді алып тастау және қауіпті өнімдер тізілімін ілгерілету – бұл біздің ЕЭК-тегі өкілдеріміз бен шенеуніктердің әрекетсіздігінің нәтижесі екенін атап өтті.

ҰКП Техникалық реттеу департаментінің директоры Ж. Шүйкебаева ЕАЭО-ға мүше төрт елдің (Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан) қолдауына қарамастан, қауіпті өнімдер тізілімін сәйкес келмейтін өнімге қайта атау жөніндегі қазақстандық бизнестің бастамасын Ресей тарапынан бұғатталғанын айтты. Спикер ҚР-да мемлекеттік бақылау туралы келісімді ратификациялаудан өту кезінде Комиссия берген «қауіпті өнім туралы тізілімнің атауына жол бермеу жөніндегі жазбаша уәделер бөлінісінде комиссия тарапынан «екінші деңгейдегі» деп аталатын құжаттарда қауіпті өнім туралы тізілімнің атауын бекіту әрекеттері жалғасып жатқанын хабарлады.

«Аврора» ЖШС өндірістік кешенінің өкілі Дмитрий Валуев шет елдердің тәжірибесі бойынша аз тонналық химиялық заттарға қатысты нотификация мен тіркеуді алып тастау қажеттілігі туралы айтты. Бұл шара қолға алынбаса, отандық тұрмыстық химия тауарлары импорттық өніммен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз болады, өйткені шет елдерде 1 тоннадан аз химиялық заттар нотификация мен тіркеуден өтпейді. Сәйкесінше отандық кәсіпорындар құжаттама жинауға мәжбүр болып, химиялық қауіпсіздік туралы есепті нөлден жасайды, оның құны 250 мың еуроны құрайды, ұзақтығы 3 жыл.

Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блоктың құзыретіне кірмейтін кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беру үшін отырысқа Техникалық реттеу, энергетика және ішкі нарықтың жұмыс істеуі жөніндегі комиссия блоктарының өкілдері шақырылды.

 Жиынның видео жазбасын ЕЭК-тің You Tube каналынан көруге болады     https://www.youtube.com/live/YwfDptnWnxY?feature=share

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер