astana-view

Халыққа бірқатар медициналық қызмет қолжетімсіз болуы мүмкін

2023 жылғы 25 Мамыр
4297 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына клиникалық-диагностикалық қызмет көрсететін медициналық ұйымдардан түсіп жатқан өтініштер көп. Медицина өкілдердің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі 1 ақпаннан бастап Сызықтық шкаланы енгізді. Соның нәтижесінде 2023 жылы тек екі зертхана бойынша берешек 8,4 млрд теңгеден асып отыр. Бұл ретте өнім жеткізуші медициналық ұйымдар өткен жыл үшін 1,1 млрд теңгені (4,5 млрд теңгеден астам сома болған) құрайтын қарызды әлі төлеген жоқ.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәлімдеуінше, медициналық ұйымдар сандарды асыра көрсетіп жүр. Бәлкім, мұндай жайт медициналық ақпараттық жүйелердің интеграциясының болмауына байланысты орын алып отыр. Алайда медициналық ұйымдар сандарды асыра жазуға мүдделі емес. Өйткені жалған тіркеу үшін жаза мөлшері қызмет құнының 300%-ын құрайды», – деді «Атамекен» ҰКП медициналық қызметтер департаментінің директоры Назгүл Қабдрахманова.

ҰКП маманы Қордың нақты көрсетілген қызметтер үшін төлемінің болмауына байланысты медициналық компаниялар өзінің шарттық міндеттемелерін толық көлемде орындай алмайды, қызметкерлердің жалақысын төлеу, қажетті дәрілік заттар, медициналық бұйымдарды сатып алуды орындай алмайтынын айтты. Осының бәрі халыққа медициналық қызметтер көрсету сапасы және олардың қолжетімділігіне әсер етеді.

Медициналық ұйымдар өз өтініштерінде кезең жабылған кезде шот-тізілімде нақты орындалған қызметтердің сомасы көрсетілгенін, ал «ӘМСҚ» КеАҚ хаттамасында нақты көрсетілген қызметтерге ақы төлеу сомасы 30-50%-ға және одан да көп пайызға едәуір «қысқартылғанын» жазған.

 Бұл ретте Қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде айыппұлдар, тексерулер және медициналық қызметтер көрсету түріндегі міндеттемелерді толық көлемде сақтай отырып, медициналық ұйымдардың халық алдындағы міндеттемесін қысқартып жатқан жоқ.

Кәсіпкерлер және Қор арасында туындаған дауды ескере отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені отандық кәсіпкерлер кеңесі шеңберінде ҚР премьер-министрінің деңгейіне шығаруды жоспарлап отыр.

Бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары Сызықтық шкаланы қолдануды есепке алмай, нақты көрсетілген қызметтер үшін төлем жасау, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың жаңа тәсілдері мен механизмдерін әзірлеп, енгізуге дейін Сызықтық шкаланы қолдануды тоқтата тұруды көздейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер