Қазақстан пайдалы қазбаларды игеру саласында Қытаймен ынтымақтасатын болады
13-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов Zijin Mining компаниясының вице-президенті және бас инженері Цюэ Чаоянмен кездесті.
«Біздің компания қазақстандық нарыққа кіруге және «Атамекен» ҰКП-мен серіктес ретінде ынтымақтасуға дайын. Менің ойымша, біз пайдалы қазбалар – алтын, мыс, мырыш, қорғасын, уран және басқа да түсті металдарды барлау, өндіру, өңдеу, сондай-ақ экология мәселелері бойынша ынтымақтаса аламыз. Мысалы, айналым деңгейі 95% жеткен техникалық суды пайдалану бойынша серіктест болу», – деді Цюэ Чаоян.
Цюэ Чаоян – Қытай геологиялық ғылымдар университетінің (Бейжің) минералды ресурстарды дамыту және басқару жөніндегі маманы, Қытай геологиялық ғылымдар университетінің минералогия, петрология және пайдалы қазбалар кен орындар мамандығы бойынша аспирант. Қазіргі езде ол Zijin Mining Group Co., Ltd вице-президенті және бас инженері.
Өз кезегінде Райымбек Баталов қытайлық серіктестің ұсыныстарын қолдап, «Атамекен» ҰКП ынтымақтастықта барлық қолдау көрсететініне сенім білдірді.
Zijin Mining 2022 жыл бойынша «Forbes» жаһандық тізімінде 325-ші орында, сонымен қатар алтын өндіру бойынша әлемде 1-ші және металл өндіру бойынша әлемде 7-ші орынды иеленген компания.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: