Қазақстанда салауатты тамақтану тауарларына деген сұраныс жоғары
Мұндай тұжырымды Алматыдағы Сауда әлемі Халықаралық Конвентінің ұйымдастырушы EXIM EXPO компаниясы қазақстандық ритейшілер мен дистрибьюторлар арасында жүргізген сауалнама көрсетті. Сауда желілерінде қандай тауарлар ең қажет екенін білу үшін азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын сегменттер тауардың түрлі санаты үшін сауалнама жүргізілді.
Сауалнамаға қатысқан қазақстандық сатып алушылардың 88% - ы барлық тауар санаттарында жоғары қажеттілік бар екенін атап өтті. Бірақ органикалық өнімдерге деген сұраныстың артуы бөлшек сауда желілері мен дистрибьюторлардың сұранысынан көрінеді. Сауалнама деректері бойынша, қазақстандық сатып алушылар азық-түлік санатындағы салауатты азық-түлік және органикалық өнімдерге ең жоғары қажеттілікті атап өтті. Осы санаттағы ең қажетті тауарлар бойынша екінші орында шай мен шай сусындары, сондай-ақ тағамдар, чипстер мен тіскебасарлар тұр. Жарма мен макарон өнімдері жоғары сұранысқа ие тауарлар тізімінде үшінші орында. Азық-түлік санатында қазақстандық сатып алушылар тарапынан ыстық шоколад пен какаоға деген сұраныс ең төмен болған.
Кондитерлік және нан-тоқаш өнімдеріне тұтынушылардың жоғары сұранысы азық-түлік саласындағы ритейлшілер мен дистрибьюторларға тән. Сауалнамаға қатысқан сатып алушылардың 18%-ы осы санатқа шоколад пен кәмпит өнімдеріне деген сұранысты атаған. Сондай-ақ, 18%-ы кондитерлік өнімдер мен жартылай дайын өнімдерге деген сұраныстың жоғары екенін айтқан. Бір қызығы тәтті тоқаштар мен торттарды сауалнамаға қатысқандардың тек 11%- ы ғана айтқан.
Сатып алушылар сұранысты қамтамасыз ету және тұтынушыларға сапалы және әртүрлі тауарларды ұсыну үшін сүт өнімдері санатындағы тауарларды сатып алуды керек етеді. Бұл санатта сатып алушылардың ең жоғары қызығушылығы ірімшік (18%), сүт және сүт өнімдері (16%), балмұздақ (12%) және сүт консервациясы (12%) сияқты тауарларда байқалады.
Алкогольсіз сусындар санатында сауалнамаға қатысқан сауда желілері мен дистрибьюторлардың 25% -ы шырындар мен алкогольсіз сусындарды көтерме сатып алудың жоғары қажеттілігін атап өтті, алкогольдік сусындар санатында сатып алушылардың 28% - ы күшті алкогольге деген қажеттілік бар екенін айтты.
Сауалнама нәтижесі бойынша non food санатында ең көп сұранысқа ие тауарлар жеке гигиена құралдары (10%) және тұрмыстық химия (9%) екен.
«Біз қазақстандық сатып алушылардың тауарға деген қажеттілігінің маңызды екенін түсінеміз. Сатып алушылар өз клиенттеріне сапалы өнімдердің кең ассортиментін ұсынуға тырысады. Олар сапа, тұрақты жеткізу және бәсекелестік жағынан талаптарын қанағаттандыра алатын жеткізушілерді іздейді. Сауда әлемі Конвенті сауда желілері мен дистрибьюторлардың ең қажетті тауарларға деген сұранысын қанағаттандыру үшін бірнеше жылдан бері нарықты дамыту катализаторы борлып келеді», - деді Сауда әлемі Конвентінің ұйымдастырушысы Елена Сарғалдақова.
XVIII Сауда әлемі Халықаралық конвенті 19-21 қазан күндері Алматы қаласында өтеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: