astana-view

Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасы бизнеспен талқылауды талап етеді – Ұлттық палата

2023 жылғы 16 Маусым
5073 просмотров

«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заң жобасында кәсіпкерлердің біржақты жауапкершілігі ғана қарастырылады: егер талапкер өнім өндірушіні немесе сатушыны жала жабу арқылы қателесіп, негізсіз талаптар қойса, заң жобасы шеңберінде жауапкершілік шаралары көзделмеген.

2023 жылғы 3 ақпанда ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің сайтында «Тұтынушылардың құғын қорғау туралы» ҚР заңының жобасы жарияланды.

 Заң жобасында тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі бірыңғай ұйымның қызметі, тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу және тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі бірыңғай қауымдастық құру есебінен тұтынушылардың құқығын қорғау жүйесін институционалдық тұрғыда күшейту көзделеді.

 Бұдан басқа, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұқсас мүше блуға негізделген коммерциялық емес ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар қауымдастығы (тұтынушылар бірлестіктері) нысанындағы тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі бірыңғай ұйымның жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз қаланады.

Сондай-ақ, тауарларды жіктеу және оларды сату шарттары, олардың сипаттамалары мен ішкі құрылымның күрделілігі, кепілдік жөндеу бойынша опцияның қажеттілігі және кемшіліктерді жою мүмкіндігін ескере отырып, айырбастау және қайтару мерзімдерін анықтау үшін «техникалық тұрғыда күрделі тауар» ұғымын енгізу жоспарланған (мысалы, автомобильдер, күрделі тұрмыстық техника).

Сонымен қатар «тауардың (жұмыстың, қызметтің) елеулі кемшілігі» ұғымын енгізу ұсынылды. Бұл ұғым тұтынушыға осындай кемшіліктер болған кезде ақшаны қайтару немесе тауарды ауыстыру туралы шешім қабылдау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

«Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы» ұғымын нақтылау және сауда субъектілерінен жоспарланған немесе өткізілетін акциялар туралы хабарламаларды таратуды ретке келтіру енгізіледі.

 Бұдан басқа, тұтынушыларға тауарлар өткізетін, олар үшін жұмыстар орындайтын немесе оларға қызметтер көрсететін бизнес субъектілерін тәртіпке келтіру мақсатында тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне тұтынушыға өтелетін сомадан сыйақы есептеу жөніндегі институт енгізіледі.

Сондай-ақ, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін ынталандыру үшін жауапкерден (мұнда бизнес субъектісінен) заңды тұрақсыздық айыбы (айыппұл) өндіріп алынып, қанағаттандырылған талап қою сомасының бір бөлігі тиісті жергілікті бюджетке аударылып, тұтынушылардың құқығын қорғауға мақсатты ақша бөлінетін болады.

Егер тұтынушының құқығы бұзылған болса және бұл бұзушылық сотқа дейінгі кезеңде жойылмаған жағдайда, соттың тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің талап қоюы бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұлдар енгізу қарастырылған.

 Ұсынылып отырған норма айыппұлдардың мынадай мөлшерлерін қарастырады:  

1) 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомаға мүліктік сипаттағы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің елу пайызы (20 АЕК = 69 000 теңге);

2) 21 (21 АЕК=72 450 теңге)бастап 40 айлық есептік көрсеткішке (40 АЕК=138 000 теңге) дейінгі сомаға мүліктік сипаттағы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің қырық пайызы;

3) 41 (41 АЕК=141 450 теңге)бастап 60 айлық есептік көрсеткішке (60 АЕК= 207 000 теңге) дейінгі сомаға мүліктік сипаттағы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің отыз пайызы;

4) 61 (61 АЕК=210 450 теңге)бастап 80 айлық есептік көрсеткішке (80 АЕК=276 000 теңге) дейінгі сомаға мүліктік сипаттағы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің жиырма пайызы;

5) 81 (81 АЕК=279 000 теңге)бастап 90 айлық есептік көрсеткішке (90 АЕК=310 000 теңге) дейінгі сомаға мүліктік сипаттағы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он бес пайызы;

6) 90 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға мүліктік сипаттағы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызына дейін (90 АЕК=310 000 теңге).

Егер мүліктік емес сипаттағы талап арыз берілсе, онда 10 айлық есептік көрсеткіш (10 АЕК=45 000 теңге) мөлшерінде айыппұл өндіріледі.  

2022 жылдың қарашасында «Атамекен» ҰКП салалық қауымдастықтар (одақтардың), реттеу субъектілері, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен Реттеушілік әсерді талдау нәтижесі бойынша талдамалық нысанды қоғамдық талқылау өткізді. Онда осы норманы енгізудің орынсыздығы туралы позиция айтылды. Осыған байланысты ҚР ҰЭМ, ҚР ИДМ-ге балама Реттеушілік әсерді талдау жіберілді. Ол қабылданған жоқ.

 Сонымен қатар, заң жобасы қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де қызметтер салаларына базалық қағидаттарды таратуды көздейді. Осы салаларға тұтынушылардың құқығына нұқсан келтіретін шарттың жарамсыздығының негізін тарату ұсынылады.

Бұдан басқа, заң жобасында интернет-дүкендер үшін қашықтан әдіспен тауарларды сатуды нақты құқықтық реттеуді белгілеу, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарына нұқсан келтіретін шарт талаптарының жарамсыздығы мен маңызсыздығы туралы норманы нақтылау көзделеді

Заңдағы соңғы өзгерістерге байланысты тұтынушы тұтынушылардың құқығын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы тұтынушылық құқықты бұзу туралы өтініш жіберуге мүмкіндік алды. Бірыңғай жүйе – тұтынушылар, сатушылар, дайындаушылар, көрсетілетін қызметті берушілер, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдарға арналған платформа, өтініштерді беру және олардың қаралуын бақылаудың бірыңғай терезесі.

Осы идеяны іске асыру үшін әрбір сауда субъектісіне және қызмет көрсету саласына көрнекті орынға орналастырылатын бірегей QR-code идентификаторы берілуге тиіс. Егер тұтынушы өзінің құқығы бұзылған деп санаса, ол QR-кодты сканерлеу арқылы жүйеге кіріп, сатушы, өндіруші, қызмет көрсетуші, тұтынушылардың қоғамдық бірлестігі, мемлекеттік органға шағым жібере алады.

Айта кетейік, https://etutynushy.kz  сайтында сауда және қызмет көрсету субъектілері үшін заң бойынша ерікті.

 Сонымен қатар, заң жобасында кәсіпкерлердің біржақты жауапкершілігі ғана қарастырылған. Егер талапкер өнім өндірушіні немесе сатушыны жала жапса, негізсіз талаптар қойса-заң жобасы шеңберінде ешқандай жауапкершілік шаралары көзделмеген.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Атамекен» ҰКП тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң жобасы пысықтауды, сондай-ақ бизнес өкілдерімен кең форматта талқылау жүргізу қажет деп санайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер