astana-view

Ұлттық палата арқылы мәселемізге назар аударды – Жәнібек Әлкеев

2023 жылғы 29 Маусым
4786 просмотров

Алтынемел: Қазақстанда төртінші визит орталық ашылды. Қазақстандық ұлттық парктерде экологиялық туризм қалай дамып жатыр, онда туристік инфрақұрылымның қалай құрылғанын «Шарын» және «Алтынемел», «Іле – Алатау» ұлттық парктерінде Qazaq National Parks экологиялық туризмді дамыту жөніндегі компанияның басқарушы директоры Жәнібек Әлкеев айтты.

- Алтынемел визит орталығ ыалғашқы жобаңыз ба?

- Алтынемел визит орталығы компаниямыз ашқан төртінші орталық. Алғашқысы Аюсай болды. Екі жыл бұрын орталық Іле-Алатау ұлттық паркінде бой көтерді. Кейін Түрген шатқалында Түргенсай ашылды. Үш ай бұрын Шарында, енді – Алтынемелде визит орталық ашылды.

- Визит орталықтарын ашу идеясы қалай туды?

- Басқа елдерде визит орталықтары туристерге қызмет көрсету үшін бұрыннан бері жұмыс істеп келеді. Өйткені, ұлттық парктерге баратын туристерге инфрақұрылым қажет. Бір кездері экотуризмді дамытуға деген ұмтылыс мемлекет тарапынан болды, бірақ идея орыннан қозғалмады. Александр Гужавин Алматы облысының ұлттық саябақтарында туристік инфрақұрылым құру арқылы экотуризмді дамыту жобасын ұсынды және мемлекет алдында қорғады, осылайша бәрі басталды. Нәтижесінде екі жылдан астам уақыт бұрын Іле-Алатаудағы «Аюсай» бірінші визит орталығы пайда болды, кейінірек «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігімен консорциумда біз «Шарын» және «Алтынемелде» тендер ұтып алдық.

Алтынемелде орталық ашу алдында үлкен жұмыс жүргізілді: қоғамдық тыңдау өтті, онда қоршаған ортаға әсерді бағалаудың нәтижесі айтылды.  Туристік орындардың әсері және табиғатқа қандай салдары болуы мүмкін екені көрсетілді, көпшілікке айтылды және талқыланды. Айта кету керек, зияны әрине бар. Бірақ болмашы ғана!

 - Алтынемел визит орталығын ашу үшін қанша уақыт қажет болды?

 - Шамамен екі жарым жыл кетті. Барлық зерттеуден өту қажет болды: қоршаған ортаға әсерді алдын-ала бағалау; құрылыс бойынша техникалық құжаттарды дайындау; барлық қажетті есептеу. Содан кейін инфрақұрылымның қоршаған ортаға әсерін тағы бір рет қорытынды бағалау жүргізілді. Бұл өте ұзақ процесс. Осы уақытта елде экологиялық заңнама өзгерді. Экологиялық скринингтен өтуге тура келді, ол да бірнеше айға созылды. Енді жинақталған тәжірибені ескере отырып, келесі жобаларымыз әлдеқайда аз уақытты алатын болады.

- Жобаны іске асыруда қандай қиындықтар, кедергілер болды?

 - Қиындықтар аз болмады. Бірінші кезекте аумақтық қашықта орналасуы еді, инженерлік инфрақұрылым – су, электр энергиясы, байланыс болмады. Сондықтан Шарында KCell компаниясымен бірлесіп станция қойдық. Онда электр энергиясын алу үшін күн панельдерін орналастырдық. Тұтастай алғанда, объектілерді электр энергиясымен қамтамасыз ету мемлекеттің міндеттемесі. Бірақ бұл түрлі себептермен іске асқан жоқ. Өз қаражатымыз есебінен біз Шарын мен Алтынемелде электр беру желісін (ЭБЖ) өткіздік. Бір кездері бұл Түргенсай мен Аюсайда да жасалды. Шарынға суды апарамыз, ал Алтынемелде су ұңғымасын қаздық.

Инженерлік инфрақұрылымды мемлекет қамтамасыз етуі немесе кәсіпкерлерге шығындарды өтеу механизмдерінің болғаны маңызды. Бірақ, өкінішке қарай, әлі дайын механизмдер жоқ. «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, біз бұл мәселелерді мемлекеттік органдармен талқылаймыз және ЭБЖ шығындарымызды қандай да бір жолмен өтеу үшін мүмкіндіктер табуға тырысамыз. Егер бұл мәселелерді заңнамалық тұрғыдан реттеуге болатын болса, онда бұл бізге ғана емес, жалпы бизнеске, барлық болашақ инвесторларға жақсы көмек болады – олар осындай нысандарға кіріп, туризмді дамыта алады.

  Өзім министрліктер және ведомстволармен көптеген келіссөз жүргіздім. Бірақ, өкінішке қарай, мұң-мұқтажымыз ескеріле бермейді. «Атамекен» ҰКП тарапынан қолдау көрсеткені үшін ризамын, олардың алаңында жұмыс топтары жиналды, онда біз проблемаларды жұмыс тәртібінде талқылауға мүмкіндік алдық. Бірлескен күш-жігермен біз бизнес ұсынатын жобаларды қолдау үшін нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін.

 - Визит орталық, онда жаңашылдықтар туралы айтсаңыз? Нені жасап үгердіңіз, алда қандай жоспар бар?

- Визит орталығы – ұлттық паркке апаратын қақпа. Онда туристер қолданыстағы маршруттар бойынша кеңес ала алады, табиғатта болу қауіпсіздігі туралы дәрістер тыңдап, тамақтанып, дәретханаға бара алады. Ең қызығы туристерге біз гидтердің сүйемелдеуімен жаңа жолдарды көрсете аламыз. Сондай-ақ, визит орталығының жанында тұруға арналған орындар бар: кемпингтер мен глампингтер. Глампингтерде қонақтарға ыңғайлы болу үшін қонақүй бөлмесі деңгейіндегі үй-жайлар, климаттық бақылау, душ қарастырылған.

 Барлық ұлттық парктте қызыл кітапқа енген өсімдіктер, жануарлардың ареалы бар. Қандай да бір құрылысты бастамас бұрын, біз Қазақстандағы жетекші «АСБК» биоалуантүрлілік компаниясымен бірлесіп зерттеулер жүргіздік. Біздің нысандар кәдімгі үйлерден  түбегейлі ерекшеленеді – олар оңай салынатын құрылымдар. Нысандар арнайы бетон блоктарына орнатылады, яғни бетон жерге құйылмайды. Егер ұлттық парктен кету керек болса немесе объект орнын ауыстыруды сұраса, онда біз нысандарды бөлшектей аламыз, ал табиғат бұзылмаған күйде қалады.

 Біз бактериялар қалдықтарды тазартатын арнайы биосептиктерді орнатамыз, нәтижесінде 97% тазартылған су шығады. Мұндай сумен өсімдіктерді суаруға болады.

Суды қыздыру және үйді жылыту үшін біз балама көздер – күн энергиясын қолданамыз.

 - Визит орталық ашылған соң қанша жұмыс орны пайда болды?

- Әр объект өзіндше дара. Әр объектіде орташа 10-15 адам еңбектеніп жатыр.

Бірақ маусымға және туристер санына байланысты қызметкерлер саны да артып келеді. Біздің мақсатымыз – туристерді жыл бойы қабылдау. Жалпы, ең белсенді кезеңдер – көктем мен күз айлары.

 Біздің гидттеріміз қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлейді. Қазір Қытайдан туристер көп, сондықтан қытайлық қонақтар үшін экскурсиялар болады. Тағы да айта кетейін, бұл сала адами капиталға көп инвестиция салуды қажет етеді – біз адамды тауып, оны оқытып, дамытуымыз керек, сонымен қатар қызметкерлер бірнеше тілді білуі керек. Нысандардың қаладан қашықтығы белгілі бір қиындықтар туғызады-қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізу керек, жайлы өмір сүру жағдайларын және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру керек. Бұл қосымша қаржылық жүктеме.

- Туристерді қандай демалыс түрлері қызықтырады?

- Басты міндет – туристерді табиғатты  көрсету. Оны қалай көрсетуге болатыны екінші мәселе. Біз жаңа турлар мен маршруттарды ойлап табамыз. Мысалы, Шарында күн батуы мен таңның атысы өте әдемі, біз адамдарға оларды көруге мүмкіндік береміз. Түнде табиғи жағдайда аспан тұп-тұнық, сәйкесінше жұлдыздар өте айқын көрінеді, мұны көріп, біз телескоп сатып алып, туристерге жұлдыздарды көрсетуді шештік, Астротурды ұйымдастырдық.

 Алтымелде көрікті жерлер көп: сақ қорғандары, петроглифтер. Онда бақсылардың қатысуымен тур өткіземіз. Туристерге ұнайды. Мысалы, кешке қарай от жағамыз, тартымды.

- Балаларға қандай қызық бар?

- Балаларға табиғатты көрсеткіміз келеді. Аюсай визит орталығында «Мың көз» атты соқпақ жол бар.

Тау бөктерінде көптеген жазық тас бар, суретші Санжар Жұбанов жануарлардың суреттерін петроглиф түрінде салған, содан кейін біз бәрін қызықты әңгімеге айналдырып, балаларға көрсетеміз. Бұл жолда біз квесттер, сынақтар, ойындар өткіземіз. Балаларға өте ұнайды, өйткені біз Іле-Алатау тауын мекен ететін жануарлар – барыстар, бұғылар, аюлар, сілеусіндер және басқалар туралы бірден айта аламыз.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер