astana-view

Словения Қазақстанның азық-түлік өнімдеріне қызығушылық танытты

2023 жылғы 28 Шілде
- Ақтөбе облысы
5590 просмотров

«Атамекен» Индустрия салалық кеңесінің отырысы шеңберінде Ecosynergy system словениялық бағдарламасының өкілдерімен кездесу онлайн режимде өтті.

Кездесуге ӨКП агроөнеркәсіп кешені кеңесі өкілдері қатысты. Жоба жетекшісі Aleš Kandorfer қазіргі кезде  Еуропа елдерінде азық-түлік тауарларына – консервіленген өнімдер, шырындар, жеміс концентраттары, жидектер, күріш, ұн, май, бал және басқа да өнімдерге үлкен қызығушылық бар екенін атап өтті. Алайда, ынтымақтастық экожүйе шеңберінде жасалуы керек. Бұл дегеніміз өндірісте қосылқы бөлшектер немесе қаптаманы қайта өңделген шикізаттан жасау. Өндірісте осындай тәсілдерді қолдану табиғатқа зиянды әсерді азайтады, сонымен қатар өнімнің өзіндік құнын төмендетуге көмектеседі.

Өзара іс-қимылдың ықтимал нұсқасы ретінде тапсырыс берушінің қайта өңдеуден өткен қаптамасын таныстыру ұсынылды. Бұл қаптама үлгісі Еуропаға экспортталатын қазақстандық өнім үшін керек. Сонымен қатар Еуропа елдерінде жеміс-жидекке үлкен сұраныс бары айтылды. Алайда бұл жағдайда өнім тасымалдау кезінде сапасын жоғалтпауы үшін дегидрация процесін қолдану қажет.

«Словениялық компания ұсынған ынтымақтастық нұсқасының әлеуетін ескере отырып, қазақстандық өндірістің азық-түлік емес тауарларын жеткізу мүмкіндіктерін де қарастыру қажет. Мысалы, БИГ-бэг, тоқыма өнімдері. Сонымен қатар, логистика және өзара есеп айырысу бөлігіндегі белгілі бір қиындықтарды ескере отырып, қазақстандық даму институттарының қолдауы қажет», – деп ұсынды Индустрия салалық кеңесі төрағасының орынбасары Надежда Шабаева.

АӨК кеңесінің мүшесі Тимур Шаймағамбетов ақтөбелік ұн өндірушілердің осы ынтымақтастыққа қызығушылығын атап өтті.

Кездесуге «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдері шақырылды.

Ақтөбе облысы бойынша «KazakhExport» өңірлік менеджері Тимур Бралинов олардың тарапынан сақтандыру бөлігінде қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсетуге болатынын атап өтті. Бұл сақтандыруды экспрттаушылар кепілдік ретінде қолдана алады.

 Ал «Qaztrade» жобаларды дамыту департаментінің бас менеджері Тамерлан Үсенов өндірушілерге сыртқы нарықтарға ілгерілетуде шығындарды өтеу бойынша қолдау шарасын пайдалануды ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Ecosunergy system өкілдері ақтөбелік өндірушілерге өз ұсыныстарын жіберуге ниет білдірді. Өз кезегінде Ecosunergy system ұсынған ынтымақтастыққа қатысты жекелей жауап беріледі.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер