astana-view

«Атамекен» ҰКП – инновациялық идеяларды ілгерілетуге арналған хаб

2023 жылғы 08 Қыркүйек
7109 просмотров

Ұлттық палата алаңында GIZ ұйымынң Орталық Азиядағы экономикалық өсу секторларына арналған кәсіптік білім беру жобасының (PECA 5) жетекшісімен кездесу өтті.

«Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов GIZ-дің «Орталық Азиядағы экономикалық өсу секторлары үшін кәсіптік білім беру» жобасы  дер кезінде қолға алынған жоба екенін атап өтті.

«Қазақстан көміртекті бейтараптыққа ұмтылып келеді. Елде жел электр станцияларын салу туралы жоба бар, суды сақтау мәселелері қаралып жатыр: тамшылатып суару және тұщыландыру зауытын салу. Біз барлық бағытта ынтымақтасуға дайынбыз. Жаңа мамандарға деген қажеттілік білім беру стандарттарына негізделуі керек. Ал мұндай мамандарды дайындау үшін білікті оқытушылар да қажет», – деп атап өтті ол.

 Жоба жетекшісі (PECA 5) Соня Каббаши-Анджелкович кәсіпорындар үшін мұғалімдер, тренерлер, нұсқаушыларды дайындаудың маңызын атап өтті.

«Оқыту мен үйрету әдістемесі маңызды. Сондықтан біз оқытушылар мен тренерлерді қалай дұрыс оқыту керегіне баса назар аударамыз. «Атамекен» ҰКП жұмыс берушілердің мүддесіне өкілдік еткені маңызды әрі қажет. Палатаның Үкімет, мемлекеттік органдар және министрліктермен байланысы өте маңызды және әлеуметтік әріптестік қағидаттарына жақындатады», – деп атап өтті PECA жобасының жетекшісі.

Жиында ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Лязат Шонаева Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit (GIZ) Германия халықаралық қағамына көпжылдық жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Қазақстандағы неміс тәжірибесімен танысу және ынтымақтастық процесінде «дуальді оқыту» ұғымы (ҚР Еңбек кодексі, «Білім туралы» ҚРЗ) заңнамалық түрде бекітілді, бірлесіп әзірленді және ҚР БҒМ дуальді оқытуды енгізудің жол картасы бекітілді (2014 ж.). ҰКП өңірдің басым салалары айқындалды. Тиісінше өңірлік қажеттілік анықталған мамандықтар мен кәсіптер анықталды. Мәлімделген мамандықтар/ кәсіптер бойынша дайындықты жүргізетін колледждер белгіленді.

Өңірлік палаталардың негізгі міндеті жоғарыда аталған кадрларға қажеттілігі бар кәсіпорындарды іріктеу және кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыруда аз шығынды жұмыс күшін пайдалануға мүмкіндік беретін «кәсіпорын-колледж» келісімшарттарын жасасуды үйлестіру болды.

 Қазіргі кезде дуальді оқыту туралы келісімшарттар жасасу арқылы кадрларды даярлауды 473 (221 - 2014 ж.) колледждері бар 6013 кәсіпорын (619 - 2014 ж.) жүргізеді (62%) 61 535 (12%) ҚР ТжКБ студенттері. 2014-22 жылдары жол картасы бойынша студенттерді дуальды оқытумен қамту барлығы 151 064 адамды құрады, 89 526-нарыққа шығарылды, оның 85% - ы жұмысқа орналастырылды.

ҰКП бастамасы бойынша 2021 жылдың қыркүйегінен бастап дуальді оқыту тәлімгерлерінің еңбегіне ақы төлене бастады. Палатаның білікті мультипликаторларымен өндірістің 2210 тәлімгері, дуальді оқытуға қатысушыларға оқу курсы өткізілді.

Ұлттық палата «Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының заңнамалық және өзге де нормативтік бастамаларды қалыптастыру процесіне, кадрлар дайындау процесіне кәсіпкерлердің тартылуын қамтамасыз ету бөлігіндегі қызметін реформалау мақсатында «Атамекен» ҰКП тәжірибесін мультипликациялау» тандемі бойынша GIZ халықаралық жобасын табысты іске асыра отырып (2022 жылғы желтоқсан–2023 жылғы шілде) жобаның 2024 жылға жалғасын жеңіп алды.

 Жиын соңында  Соня Каббаши-Анджелкович көпжылдық тығыз ынтымақтастық үшін «Атамекен» ҰКП мамандарына алғыс айтып, Палата  инновациялық идеялар, жаңа тауарлар мен қызметтерді ілгерілетуге арналған хаб деп атады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер