astana-view

Қазақстанда шығарылған тауарлар тізілімімен салыстырғанда СТ-KZ және индустриялық сертификаттың артықшылығы туралы

2023 жылғы 28 Қыркүйек
7449 просмотров

Қауымдастықтар мен отандық тауар өндірушілер жаңа тізілім құруды қолдамады. Сонымен қатар қолданыстағы Индустриялық сертификат пен СТ-KZ сертификатын жетілдіріп қалдыруды жақтады.

 Қазіргі кезде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында реттелетін сатып алудың негізгі шеңберінде қолданылатын құжаттардың екі түрін беру жөніндегі функцияны жүзеге асырады. Мұндай құжаттар – «СТ-KZ» формасындағы сертификат пен Индустриялық сертификат.

Мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша Қазақстанда шығарылған тауарлар тізілімі қазіргі кезде қолданыстағы Индустриялық сертификат пен СТ-KZ сертфиикатын алмастыруы тиіс.

 «Биыл Үкімет Қазақстанда шығарылған тауарлар тізілімін құру мәселесін көтерді. Бұл тізілім Индустриялық сертификат пен СТ-KZ ертфиикатын алмастыруды көздейді. Өкінішке қарай, бизнес-қоғамдастықтың осы тізілімді құрудың орынсыздығы туралы барлық дәлелі мен негіздемелері тыңдалмады», – деді «Атамекен» ҰКП тауардың шығу тегін сертификаттау департаментінің басқарушы директоры Самат Садықов.

 Мемлекеттік орган ұсынған Тізілімде механизм жетілмеген. Өйткені онда Тізілімге өтуге рұқсат беретін бір ғана критерий – технологиялық операцияларды орындау ғана қарастырылған.  Алайда барлық тауарға дерлік технологиялық операцияларды жазып шығу мүмкін емес. Мысалы, Ресейде осыған ұқсас тізілім 2015 жылдан қолданылып келеді, оның үстіне өнеркәсіп те анағұрлым дамыған. Тізілімге 11,5 мың кодтың 2  мың коды енгізілген.

Бұл ретте мемлекеттік органдар ұсынған тізімді жаңа механизм деп айтуға болмайды. Оның СТ-KZ беру жөніндегі қолданыстағы механизмнен  айырмашылығы, тек бір критерийді қолданылады – бұл технологиялық операциялар. Ал СТ-KZ сертификатында 3 критерий қарастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік орган ұсынған Қазақстанда шығарылған тауарлар тізілімінде өндірісті локализациялау деңгейі мен кәсіпорындардың өндірістік қуаты көрсетілмейді.

Мемлекеттік органдар ұсынғаны – СТ-KZ сертификатын беруге қойылатын талаптардың өзгеруі ғана. Ол басқа атауға ие болады, бірақ сонымен бірге жаңа талаптарға көшу және жаңа құжат алуға байланысты заңдарға өзгеріс енгізуді талап етеді, сондай-ақ бизнес үшін қаржылық және уақыттық шығындарға ікеп соғады.

Ал әзірлеушінің мемлекеттік органның позициясын ҚР сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев айтты.

«Біз қолданыстағы механизмдердің түбегейлі өзгергенін қалаймыз. Олар ескірген және индустриялау мен нақты өндірісті дамытуға бағытталмаған. Осы мәселе бойынша талқылауға дайынбыз. Мемлекеттік ақпараттық ресурстарда түсінікті қағидалармен тауарлар тізілімін құру – осы мәселелерді шешеді, мемлекеттік қолдауды нақты өндірушілерге бағыттауға мүмкіндік береді», – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

 ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Қанат Ибраев атап өткендей, бүгінгі таңда индустриялық сертификат – бизнестің нарықта бақылауды жүзеге асыруға және нақты өндірісті қолдау шеңберінде ойынның нақты ережелерін жариялауға мүмкіндігі бар құралдардың бірі.

СТ KZ сертификаты –  өндірілген нақты тауардағы (партиядағы) жергілікті қамтудың және шығарылған елдің үлесін бағалау, ал Индустриялық сертификат – өндірушінің қолданыстағы технологиялар (расталған) шеңберінде кең спектрлі (ассортиментті) тауар шығару мүмкіндігін растау.

  «Мемлекеттік сатып алуға қатысатын өндірушілердің нақты секторы Индустриялық сертфикаттың тиімділігіне көзі жетті. Мысал келтірсем, Индустриялық сертфиикат енгізілгенге дейін 2019 жылы жиһаз саласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар шамамен 1,7 млрд теңгені құраса, Индустриялық сертификат енгізілгеннен кейін 21,1%-ға өсіп, 2,1 млрд теңгеден асты», – деді Қанат Ибраев.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, егер мемлекет бұл мәселеге қатты алаңдаса, 2014 жылдан бері осы қағидалар бойынша өмір сүріп, жұмыс істеп келе жатқан Ресей Федерациясының тәжірибесі бойынша ойын ережелерін өзгертпей, бұрыннан бар құжаттармен жұмысты жалғастыру оңай болмас еді.

«СТ KZ көмегімен бизнесті қолдау мемлекет 15 жылдан астам уақыт бойы белгілі бір режимде жүзеге асырылып келеді.  Индустриялық сертификат құралы 5 жыл бойы қолданылып келеді және осыған байланысты көрші елдің мемлекеттік органдарының жұмыс әдістерін көшіру және оны қазақстандық ахуалда клондау өте оғаш болып көрінеді», – деп толықтырды спикер.

 

Өз пікірін  Павлодар қаласының «Агромир» ЖШС директоры Наталья Поплавец және «Investment Solutions Astana» ЖШС директоры Рашид Ақатаев сөз сөйледі.

«Агромир» ЖШС ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектердің 42 түрін, мұнай-газ саласына арналған жабдықтарды шығарады. «Investment Solutions Astana» ЖШС – жеңіл өнеркәсіп саласындағы жұмыс қолғаптарының ірі өндірісін жүзеге асыратын кәсіпорын.

 

Баспасөз конференциясының тікелей эфирін Фейсбук парақшасынан көре аласыз


Еншілес ұйымдар

Серіктестер