astana-view

Кәсіпкерлер Құрылыс кодексінің жобасына қатысты позициясын айтты

2023 жылғы 03 Қазан
7668 просмотров

2023 жылғы 20 қыркүйекте Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында Құрылыс кодексінің жобасын жария талқылау аяқталды.

Еске салсақ, өткен жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауында қала құрылысы кодексін әзірлеу және қабылдау туралы тапсырма берді.

 Бизнес-қоғамдастықтың позициясын қалыптастыру мақсатында Құрылыс кодексінің жобасы құрылыс саласы мен сабақтас салалардың аккредиттелген салалық қауымдастықтарымен бірлесіп қаралды.

Қарау нәтижесі бойынша бизнес-қоғамдастық әзірленген құжаттың жобасына бірқатар редакциялық және тұжырымдамалық ескерту жасады. Кәсіпкерлердің басым бөлігі кодекстің атауын «Қала құрылысы кодексі» атауынан «Құрылыс кодексіне» өзгертуге қарсылық білдірді.

«Құрылыс кодексі (building code) терминімен құрылыс заңнамасының техникалық компонентін ғана атайды. Дәлірек айтасақ,  кодификацияланған құрылыс нормалары мен қағидалары жатады.  Бүкіл әлемде «Құрылыс кодексі» терминін қолданудың белгілі бір практикасы қалыптасқан. Бұл ұғым үй-жайларды жоспарлау, тірек және қоршау конструкциялары, жабынды мен саңылауларға қойылатын талаптар, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың барлық компоненті, жүйелері мен элементтеріне қойылатын талаптарды білдіреді», – деді «ҚР индустриялық құрылыс технологиялары» қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Қанапия Нұрбатыров.

Сонымен қатар бизнес өкілдері кодекстің әзірленген жобасы негізінен қолданыстағы бұл сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің жинағы екенін, бірақ Мемлекет басшысы айтқан тұжырымдамалық жаңа құжат еместігін алға тартты.

Анықтама: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев («Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауында: «Қазақстандағы сәулет-құрылыс қызметін реттейтін 2,5 мыңнан астам құжат бар. Бұл жүйе әбден қағазбастылыққа көмілген. Бұл жүйе әбден қағазбастылыққа көмілген. Жемқорлық аз емес. Ескі құрылыс стандарттары мен нормалары әлі де қолданылады. Сондықтан, Үкіметке мүлдем жаңа құжат – Қала құрылысы кодексін қабылдауды тапсырамын», деп атап өтті.

«Қарауға ұсынылған кодекс жобасы аралас заңнаманың қолданыстағы нормалары қосылған «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР заңының кеңейтілген нұсқасы ғана болып қалды. Мәселен, кодекс жобасының преамбуласы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР заңының преамбуласымен бірдей. «Құқықтық актілер туралы» ҚР заңының 1-бабына сәйкес кодекс – бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары бiрiктiрiлген және жүйеге келтiрiлген заң, ал шоғырландырылған заң – көзделген салалардағ сипаты жағынан кешенді қоғамдық қатынастарды реттейтін заң», – деп атап өтті ҚР Ұлттық жобалаушылар қауымдастығының президенті Мейірбек Жаманқұлов.

 Осыған байланысты кәсіпкерлер қазіргі кезде әзірлеуші жүйелеу жолымен Кодекспен реттелуі тиіс біртекті қоғамдық қатынастарды толық көлемде айқындамаған деп санайды.

Сарапшылардың пікірінше, ұсынылған жоба сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін реттеу мәселелерінің жалпыдан жекеге көшу иерархиясын сақтамай, бөлімдер мен тараулардың дұрыс емес реттілігін қамтиды.

Мысалы, Қазақстан Республикасының аумақтарын дамыту мен салуды қала құрылысын жоспарлау туралы тарау сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қатысты барлық бөлім мен тарауларды бастап тұруы тиіс.

Сонымен қатар Мемлекеттік қала құрылысы кадастры туралы тарау ағымдағы уақытта барлық қала құрылысы құжаттарының іске асырылуын тіркеп, растауы тиіс деген пікірді Кәсіби инженерлер одағының атқарушы директоры Мелик Алпысбаев айтты.

 Жоғарыда аталған ескертулер мен ұсыныстар осымен шектелмейтінін атап өткен жөн. Кодекс жобасы бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсыныс мен ескертпелері ҚР Өнеркәміп және құрылыс министрлігіне жіберілді. Жобаны қарау нәтижесі бойынша кәсіпкерлер жобаны жетілдіру керегін, соның ішінде барлық ұсыныс пен ескертпені есепке алу керегі туралы позициясын білдірді. Қабылданғалы жатқан Құрылыс кодексі сала құрылысшылары үшін зор мәнге екенін ескерсек, жобаны әзірлеушілер сала сарапшыларының барлық ұсынысын ескереді деп үміттенеміз.

 Сонымен қатар бизнес өкілдері Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаудың белгіленген мерзімдеріне алаңдаулы. Аталған жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес Қала құрылысы кодексін әзірлеу туралы тапсырма бойынша 2023 жылғы желтоқсан белгіленген. Бизнестің пікірінше, осындай маңызды құжатты сапалы әзірлеу үшін  бұл өте қысқа мерзім.

«Тұжырымды жаңа құжатты әзірлеуге үлкен көлемде жұмыс атқаруды талап етеді. Ол үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы қолданыстағы заңнамаға ондағы мәселелер, қайшықытар мен олқы тұтастарын саралау үшін терең анализ жүргізу, сол мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу, халықаралық тәжірибені зерделеу, тәсілдерді ғылыми және кәсіби қоғңамдастықпен талқылау, жұртшылықпен және мемлекеттік органдармен келісу керек. Басқа да бірқатар іс-шара бар. Менің ойымша, белгіленген мерзімдер өте қысылған, бұл өз кезегінде әзірленіп жатқан құжаттың сапасына әсер етуі мүмкін», – деді «Атамекен» ҰКП Құрылыс және ТКШ комитенің төрайымы Ирина Манжанова.

Осыған байланысты, ҰКП мамандары құрылыс кодексін сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету мақсатында тапсырманы орындау мерзімін ұзарту мәселесін қарастыру қажет деп санайды.

Фото: gdevkievezhithorosho.com


Еншілес ұйымдар

Серіктестер