Кәсіпкерлердің талап-тілегі ескерілді, мәселелер егжей-тегжей пысықталады – Ұлттық палата
Онлайн жиында Қаржы министрі – премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амриннің басшылығымен медицина, машина жасау, салық саясаты, тауарларды сатып алу және импорттау саласындағы бизнестің түйткілді мәселелері қаралды. Жиынға кәсіпкерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Қазақстан машина жасаушылар одағы төрағасының орынбасары Ерқанат Мұқанов Салық кодексінде импортталатын тауарларға қолданылатын есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеуді сақтауды ұсынды. Мұндай тауарлар негізінен Қазақстанда өндірілмейтін тауарлар, металдарды өңдеуге арналған станоктар, өңдеу орталықтары, дәнекерлеуге арналған жабдықтар.
«Неліктен бұл біз үшін маңызды? Машина жасау капиталды қажет ететін сала екені белгілі. Бізде мұндай жабдық іс жүзінде өндірілмейді», – дейді ол.
Осы нормадан бас тарту машина жасау саласынға ғана емес, жалпы өңдеу өнеркәсібіне кері әсер етеді. Үкімет өкілдері бұл пікірді қолдайтынын, оны қосымша пысықтау керегін айтты.
Машина жасаушылар жаңа Салық кодесінде ҚР-да өндірілмейтін металл өнімдерін импорттау кезінде ҚҚС төлеуді кейінге қалдыруды қарастыруды ұсынды. «Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Алмат Асқардың айтуынша, бұл шара бюджетке әсер етпейді. Өйткені дайын машина жасау өнімін сату кезінде салық төленетін болады. Бұл шара саланы қолдауға, айналым қаражатын өндіріске жіберуге мүмкіндік береді. Мәселені министрлік жұмыс тобы аясында талқылайды, Ерұлан Жамаубаев оны егжей-тегжей қарау керек екенін атап өтті.
Мемлекеттік органдардың басшыларымен өткен жиында нақты тауарлардың бақылау тізімінің кеңеюіне байланысты туындаған проблема – тауарларды әкелу мәселесі де көтерілді. Бұл тақырыпты «Логиком» АҚ Басқарушы директоры Мастура Ильясова және «Элтекс Алатау» ЖШС атқарушы директоры Денис Мезенцев көтерді.
Тізімге ядролық материалдар, химиялық заттар, датчиктер және басқалар кіреді. Оларға қойылатын талаптар, соның ішінде құжаттарды беру мерзімдері әлдеқайда жоғары.
Осы жазда бұл тізімге қосарланған немесе әскери мақсаттағы тауарлар емес, күнделікті өмірде немесе компаниялардың жұмысында қолданылатын тауарлар кірді.
Заң нормасы түрлі түсіндіріліп, бұйрықта осы тауарлардың нақты сипаттамалары болмағандықтан, олар қазір қоймаларда қалып, өз клиенттеріне уақытында жетпей жатыр. Сонымен қатар, осы тізім бойынша тек экспорт кезінде бақылауға алынатын кейбір тауарлар енді импортталған кезде де бұғатталады. Атап айтқанда, принтерлер, картридждер, проекторлар және басқалар. ҰКП мамандары нақты тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларына және біліктілік талаптарына, «Ерекше тауарларды бақылау туралы» заңға өзгерістер енгізу қажет деп санайды.
Мемлекеттк органдардың өкілдері қазір осы тізімге жатқызуға болатын тауарлардың нақты сипаттамалары жасалып жатқаны туралы хабарланды. Ал осы аралықта тауарларды әкелу немесе әкетуді қол режіимінде іске асыру қажет. Ерұлан Жамаубаев бұл сезімтал мәселе екенін және ол кешенді түрде қаралатынын атап өтті.
Жиында фармацевтика саласының өкілі бұған дейін «СК-Фармация» одан орфандық препараттарды сатып алғанын, ал биыл «СК-Фармация» ӨТО тендерінен бас тартқанын және БҰҰДБ халықаралық ұйымдарынан бір көзден алу тәсілімен препараттарды сатып алуды жариялағанын хабарлады. Ерұлан Жамаубаев мемлекет отандық өндірушілерді қолдауы тиіс екенін атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізеді және кәсіпорын конкурстық негізде сатып алуға қатыса алады.
ҰКП төрағасының орынбасары Мұрат Амрин дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаларын Үкімет деңгейінде қайта қарау қажет екенін атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: