astana-view

12 қаңтарда Астанада Қазақстан-Жапония бизнес форумы өтеді

2024 жылғы 10 Қаңтар
8192 просмотров

 2024 жылғы 12 қаңтарда жапондық бизнес-делегацияның Қазақстан Республикасына сапары аясында бизнес-форум және В2В кездесулер өтеді. Қазақстан-Жапония бизнес форумның басым бағыты – GX (жасыл трансформация) және DX (цифрлық трансформация) мүмкіндіктері. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы сауда палатасының сайтында хабарланады.

Форумның ұйымдастырушылары:

Қазақстан тарапынан: «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның сыртқы сауад палатасы.

Жапония тарапынан: Жапонияның Ресей және жаңа тәуелсіз елдермен сауда жөніндегі қауымдастығының вице-президенті (РОТОБО), Жапония-Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитеті.

 Қазіргі кезде Қазақстанның Жапонияға негізгі экспорттық тауарлары –ферроқорытпалар (93%), тантал (3%), алюминий (2%).

Жапониядан Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар: автомобильдер (55%), құрылыс техникасы (8%), жүк көлігі (6%), автошиналар (5%), медициналық жабдықтар (2%).

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, көлік және қаттау, тамақтану, ақпарат және байланыс, қаржылық және сақтандыру қызметі, денсаулық сақтау, жылжымайтын мүлік сияқты салаларда бірлескен меншік нысанындағы 21 компания және шетелдік қатысуы бар 21 компания тіркелген.

 Сонымен қатар Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке секторларының бірлескен комиссиясы жұмыс істейді. Жапония тарапынан бірлескен комиссияның тең төрағасы Жапонияның Экономика, сауда және индустрия вице-министрі Ш.Хосака. Қазақстан тарапынан ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ. Шарлапаев. Комиссияның 8-ші отырысы 2023 жылғы 1 қарашада Токио қаласында өтті. Жиында бойынша қорытынды хаттамаға қол қойылды. Бірлескен комиссияның құрамында бір мезгілде екі елдің іскер топтарының өкілдерін біріктіретін Қазақстан-Жапон іскерлік кеңесі жұмыс істейді.

 Қазақстан-Жапония бизнес форумына 153 қазақстандық компания тіркелген. Жапондық бизнес делегация тарапынан бизнес пен Үкіметтің 60-қа жуық өкілі қатысатын болады.

Бұл іс-шара екі елдің бизнесі арасындағы бұрыннан бар сауда-экономикалық қатынастарға жаңа серпін береді және әлеуетті серіктестер пулын кеңейту алаңы болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер