astana-view

Мәселені шешпесем, орнымды босатамын – әкімдік зардап шеккен кәсікерлердің талаптарына жауап берді

2024 жылғы 08 Ақпан
- Абай облысы
6562 просмотров

Абай облысының әкімдігі сауда орталығында болған өрттен тауары бүлінген кәсіпкерлермен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Бұған дейін өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің  талап-тілегін тыңдап, зардап мөлшеріне қатысты ақпаратты жинаған болатын.

 «Ақшын» сауда орталығында өрттен зардап шеккен кәсіпкерлермен облыс әкімі, облыстық басшылық, Абай облысының кәсіпкерлер палатасы және прокуратураның өкілдері, сондай-ақ сауда орталығының иесі Марат Құрманбаймен кезекті кездесуі өтті. Онда кәсіпкерлердің бірінші кезектегі мәселелері талқыланды. Облыс әкімі аппаратының басшысы зардап шеккендердің талаптарына жауап берді.

 Еске салсақ, Абай облысының кәсіпкерлер палатасы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жедел топ және ақпараттық көмек көрсету үшін  чат құрды. «Ақшын» сауада орталығында өрт салдарынан тауары бүлінген кәсіпкерлердің тізімін өзектендіру, залалдың мөлшерін есепке алу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар көмек көрсету бойынша шаралар қабылдануда. «Атамекен» алаңында Пушкин көшесі 100 мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдау, заңгерлік және бухгалтерлік кеңес беріледі. «Ақшын» СО кәсіпкерлері туындаған мәселелерді тиімді шешу үшін сілтеме бойынша форманы толтыруы қажет. Палата барлық шағымдардың жұмысқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

 Кәсіпкерлер өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Мақсат Сүйшіновпен өткен кездесуде өрт салдарынан туындаған мәселелерді айтты.

 Кәсіпкерлердің талаптарына әкімдіктің жауабы:

 Салық төлемдерін кейінге қалдыру (алып тастау).

Заң бойынша декларацияны тапсыру бойынша кейінге қалдыру бір айға қарастырылған. Тиісінше, Первомайская 28Б көшесіндегі салық органдарына құжаттаманы тапсыру керек.

 Несие төлемдерін кейінге шегеру.

 Қазіргі кезде банктермен келіссөздер жүріп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар несие төлемдерін 6 айға кейінге шегеру туралы өтініш жасап жатыр. Әр банктан жауап түрлі болады, біз банктерде талап қоя алмаймыз. Банк, сіздің қарызыңыздың сомасы, несие тарихына байланысты 2 айдан 6 айға дейін шегерім беруді анықтайды.

 Кассалық аппараттардың күшін жою, растайтын құжаттарды беру.

Бұл қызметті тиісті сайтта онлайн режимінде ала аласыз. Сіздерге сілтемелерді құрылған чаттарда таратамыз.  Мұны электрон цифрлық қолтаңба арқылы жасау керек. Бұл қызмет тегін. Стационарлық кассалық аппараттар болған жағдайда Сізге қызмет көрсеткен компанияға хабарласу қажет.

 Жұмыссыз мәртбесі кезінде өтемақы алу.

 Өзіңізді жұмыссыз деп тану үшін бірінші кезекте тіркелу керек. Тіркеу Қозыбағаров көшесі 40 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту орталығында жасалады. Бұл шара зейнет жасына жақын азаматтарға қажет. Егер сіз тиісті төлемдерді тіркесеңіз, мұның бәрі әлеуметтік осал санат үшін тегін болады.

 Форс-мажор туралы анықтаманы алу.

Бұл мәселені Қазақстанның сыртқы сауда палатасы деңгейінде шешу керек. Өрт болғаны туралы анықтаманы ТЖД береді. Көбі әлі полиция органарына арыз жазып үлгермеген болар.

  Залалды өтеу.

 Тергеу жұмыстары аяқталған кезде, кінәлі тарап анықталған уақытта, сот арқылы шешілетін мәселе. Сот барысында сіздерге барлық анықтама керек болады. Жинай беріңіздер.

 Өрт кезінде өртеніп кеткен құжаттарды баж салығын төлемей, жылдам қалпына келтіру.

 Мемлекеттік тіркеуде тқрағн құжат болса, онда «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы өтініш жазу керек. Нотариаттық мәмілелер болса, онда мәміле жасалған нотариус көмегіне жүгінген жөн.

Зардап шеккендерге тегін сауда орнын беру. 

 Әр базар – біреудің иелігі екенін, ол коммуналдық мекеме емес екенін түсіну керек. Сауда орталықтарының 13-і ғана көмектесуге ниет білдірді. Бұл тізім біреудің көіңіленн шығар, біреуге ұнамас.

 Коммуналдық қызметтер бойынша төлемдерді кейінге шегеру.

 Біз Семей қаласы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне арнайы хат  жолдадық. Қазіргі кезде Семей су арнасы кейінге шегеру мерзімін екі айға беруге дайын. Жылу беру қызметі сәуірге дейін шегере алады.

 Мектеп, балабақша, ЖОО ақылы қызметтерін кейінге шегеру.

 Жетінші ақпанда облыс әкімі ЖОО өкілдерімен жиналыс өткізді. Біздің барлық үш жергілікті ЖОО төлемдерді кейінге қалдыру бойынша кездесуге дайын. Балабақшаларға, кейбір төлемдер мектептеріне келетін болсақ, білім, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау басқармасына қатысты мәселе. Бірақ бұл сіздің арыздарыңызды қажет етеді.

 Залал көлемін анықтау жөніндегі жұмыс тобына 20 кәсіпкерді қосу.

 Кеше маған 41 адам кандидатурасын ұсынды. 41 адам тым көп. Бәрін бірден жұмыс тобына қосу болмайды. Топқа кіргізуге 10 адам анықтаңыз. Белсенді, сауатты білікті кәсіпкерлер керек. Тез анықтасақ, мәселені тезірек шешеміз.

 Зардап шеккендер тергеу жұмысына қатыса ала ма?

Қылмыстық іс ҚК 292-бабының, 2-бөлімі – өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша жүргізілді. Қылмыстық істі процедуралық мерзімге сәйкес қарау мерзімі екі айға дейін, бірақ мән-жайларға сүйене отырып, егер қосымша сараптама жүргізу қажет болса, мерзім 30 күннен аспауы керек. Яғни, бұл біз 30 күн күтеміз дегенді білдірмейді. Мүмкін бұл 10 күн, 15 күн болады. Тиісті органдар барлық сарапшы, соның ішінде өрт сөндіру бөлімі, қауіпсіздік жөніндегі сарапшыларды тартады және олар сараптама негізінде тиісті шешімдер шығаратын болады. Тікелей зардап шеккендерге қатысты барлық тергеу әрекеттері сіздің қатысуыңызбен жүзеге асырылады. Сіз зардап шеккен деп танылған кезде, сіздердің қылмыстық істің барлық материалдарымен танысуға құқығыңыз болады.

«Кеше премьер-министрдің бірінші орынбасарымен жиналыс өткіздік.  Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны түсінікті. Бүгін кәсіпкерлерде сенімсіздік бар екенін түсінемін, бірақ тергеу әрекеттерін тек Семей қаласының полиция департаментінің қызметкерлері ғана емес, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан жіберілгеніне сеніңіз. ТЖМ желісі бойынша мұнда 13 адам жұмыс істейді. Біз тергеудің бейтарап жүргізілуін қолдаймыз. Сіздердің барлығыңыз құқық қорғау органдарына арыз жазуыңыз қажет, қандай залал болғанны айтуыңыз қажет», – деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Уранхаев.

Жиын барысында кәсіпкерлер өрт салдарынан туындаған проблемаларды республикалық деңгейде шешуді талап етті.

«Артық әуре-сарсаңды жасамуды сұраймын. Мәселені өзім шешетін боламын. Мәселені шешпесем, орнымды босатамын», – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер