astana-view

Юлия Якупбаева Қазақстанның туристік брендингі бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды

2024 жылғы 19 Ақпан
7333 просмотров

Қазақстан Туризм және спорт министрлігінің алқа отырысында «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы туризм саласы комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева туризмнің тұрақты өсуіне кедергі келтіретін факторларды қысқаша атап өтті, сондай-ақ осы проблемаларды шешу жолдарын ұсынды.

«Отандық туризмнің дамуы «туристер келуі үшін не істеу керек» деген сатыдан өтіп кетті. Қазір «туристік лекті қалай сақтап, тұрақты етуге болады» деген сатыдамыз. Сондықтан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу және Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы сияқты маңызды іс-шаралар аясында инфрақұрылым мәселелерін ретке келтіру және контент, туристік өнімдер және брендингпен жұмыс істеу қажет», – деп атап өтті Юлия Якупбаева. 

Комитет төрайымы шиеленісті жеңілдететін шаралар ретінде инвесторлар үшін қолдау шараларының арнайы пакетін әзірлеу, сондай-ақ Алматы әуежайындағы процестерді жақсарту арқылы мегаполистегі қонақүйлердің жетіспеушілігі мәселесін шешуді атады.

ҚР Спорт және туризм министрлігінің деректері бойынша жылына кемінде 1 млн адам қажеттілікте Алматы қаласындағы қонақ үйлердің жалпы сыйымдылығы жоспарлы қабылдау кезінде 21 мың төсек-орынды құрайды. Салыстыру үшін, 2023 жылдың бірінші жартысы қорытындысы бойынша СУАР-дағы қонақ үйлердің жалпы саны 5 мыңнан асты, оның 600-і 2023 жылы ашылды, сондай-ақ тағы 100 қонақүй салуға келісімшарттарға қол қойылды.

«Елдің туристік брендингі бойынша жұмысты жандандыруды сұраймын. Бұл біз үнемі назардан тыс қалдыратын маңызды деталь. Туристік индустрияны дамытуға және Қазақстан брендін тануға көмектесетін ел үшін бірыңғай дизайн-кодты жасау маркетинг мақсаттарына ғана қызмет етпейді. Бұл шара ел ішінде үлкен индустрияны қалыптастырыа, жүздеген адамды тартуға көмектеседі», – деп атап өтті туризм комитетінің төрайымы. 

 «Атамекен» ҰКП Төралқасының мүшесі премьер-министрдің орынбасары Р. Склярға және туризм және спорт министріне дестинациялардың көліктік қолжетімділігін жақсартуға, интернетті неғұрлым көп баратын аумақтар мен ұлттық парктерге жеткізуді жеделдетуге, вагон паркін жаңартуға, туристік субъектілер үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге, түгендеу жүргізуге бағытталған қоғамдастықтың ұсыныстарын қарастыру туралы өтінішпен жүгінді.

 «Туристік саланың жергілікті атқарушы органдарға тәуелділігін ескере отырып, туризм жөніндегі кеңестің жұмысын жандандыру және Үкімет алаңында оның жұмысын ай сайын тыңдауды өткізуді сұраймыз. Біз Туризм және спорт министрлігі және Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп әзірленген Жол карталарының жобаларын ұсынуға, турларды әзірлеу бойынша ынталандыру шараларын дамыту жөніндегі арнайы бағдарламаны дайындау бойынша ұсыныстар беруге дайынбыз. Қазақстанда гастро, этно, эко, агро және өнеркәсіптік туризмді дамытуға болады. Тек нарықты қолдау керек», – деп түйіндеді Юлия Якупбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер