Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді
2024 жылғы 19 ақпанда ҚР Үкіметі «Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Онда ұлттық режимнен шет мемлекеттерден шығатын жеңіл өнеркәсіп тауарларын алып қою белгіленді.
Қаулыға сәйкес тауар, жұмыс пен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі азаматтар мен заңды тұлғалар өндірген жеңіл өнеркәсіп тауарлары мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберіледі.
Бұл тізілімге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 39-бабы 3-тармағының 31), 32), 33) тармақшалары негізінде сатып алынатын тауарлар жатпайды.
«Үкімет қаулысына сәйкес Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп өндірушілері реттелетін сатып алуға жалпы тәртіп негізінде қатыспайды. Бұл шара мемлекеттің тапсырыс есебінен отандық кәсіпорындарды тапсырыспен жүктеу үшін жаалып отыр. Нәтижесінде жұмыс орындарының сақталуы мен өсуі, бюджетке салық аударымдарының тұрақты түсуі, жеңіл өнеркәсіп саласының дамуы және жалпы ұлттық экономиканың өсуіне ықпал жасаады», – дейді «Qaz Textile Industry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының Ұлттық бірлестігінің өзін-өзі реттейтін ұйымының басқарма төрайымы Гүлмира Уахитова.
«Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры Алмат Асқардың пікірінше, мұндай қолдаудың нәтижесі болады.
«Мемлекет тарапынан мұндай қолдау жеңіл өнеркәсіпті одан әрі дамытуға және тұтастай алғанда өңдеу өнеркәсібін дамытуға ықпал ететін болады», – деді маман.
Еске салсақ, Үкіметтің 2024 жылғы 19 ақпандағы қаулысы жеңіл және жиһаз өнеркәсібі тауарларын отандық өндірушілерді сатып алуға бірінші кезектегі қатысу құқығын берген «Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 49 қаулысының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қабылданды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: