astana-view

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы рекордтық деңгейге жетті

2024 жылғы 05 Наурыз
3297 просмотров

Астанада Қазақстан-Әзербайжан Үкіметаралық комиссиясының 20-шы отырысы өтті.

Отырысқа дайындық шеңберінде Қазақстан мен Әзербайжанның мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қатысуымен сараптамалық деңгейде 5 кездесу өткізілген.

Қазақстанның бизнес-қауымдастықтың атынан Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов шықты.

Басқарма мүшесі 11 наурызға жоспарланған Қазақстан-Әзербайжан Іскерлік кеңесінің екінші отырысына дайындық туралы хабарлады. Кеңес сауда, инвестициялар тарту, тәжірибелер алмасуды дамытады, сондай-ақ дипломатиялық қарым-қатынастарды нығайтады.

Ұлттық палата отырысқа қатысатын жеке меншік секторының 30-дан аса отандық компаниядан пул құрды. Пул құрамына үлкен бизнеспен қатар шағын және орта бизнеса өкілдері де кірді.

Екі елдің үкіметаралық комиссия төрағалары мен бизнестің Іскерлік кеңеске бірлесіп қатысуы іс-шараның сапалық құрамын, кері байланысты күшейтеді және бизнес-қоғамдастықтың осы форматқа қызығушылығын артады .

Қазақстандық компаниялардың іскерлік кеңеске қатысуы отандық бизнестің мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік бере отыра, Әзербайжан Республикасымен сауда-экономикалық  қатынастарға және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына әсер етеді.

«Атамекен» ҰКП ақпараты бойынша, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 2023 жылы тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, $529,4 млн құрады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасынан Әзірбайжан Республикасына экспорт 21,7%-ға ($456 млн) өсті. Бұл Әзербайжан бизнесінің Қазақстаннан келетін тауарларға деген қызығушылығының артқанын көрсетеді.

Қазіргі таңда Әзірбайжанда Қазақстанның Сауда үйі жұмыс істеп тұр. Оның мақсаты – «Made in Kazakhstan» белгісі бар тауарларды дистрибуциялаудағы сауда кедергілерін болдырмау үшін ұсыныстар мен ұсынымдар табылады. Оған ұқсас сауда үйі Қазақстанда да бар және өзара қызығушылықты көрсетеді.

Жалпы комиссия отырысының күн тәртібіне сауда, көлік, энергетика, цифрландыру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру, мәдениет және туризм салаларындағы мәселелер кірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер