astana-view

«Атамекен» ҰКП: «Ғылым мен бизнес арасындағы іскерлік қатынастар жаңа деңгейге жетті»

2024 жылғы 20 Наурыз
7903 просмотров

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Баталов өз сөзінде:

«Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы экономика мен қоғамның дамуында шешуші рөл атқаратын ғылым мен инновацияны дамытуға мүдделі.

Өткен жылдың мамыр айында Отандық кәсіпкерлер кеңесі өткізіліп, ҰКП ғылымды дамытудағы ұсыныстарын айтты. Бүгінгі таңда бұл ұсыныстардың бөлігі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң жобасына енгізіп, мақұлданды,» - деді.

Атап айтқанда, Ұлттық палата басшысы ғылымның дамуына қосқан үлесі, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, жеке секторды тарту арқылы инновациялық орталықтар қызметін күшейткені үшін бизнеске берілетін салық жеңілдіктерін атап өтті.

Сондай-ақ, бизнес-қоғамдастық өкілі кеңейіп жатқан Ғылым қорының бизнес-серіктестері клубын еске алды. Клуб – ғылыми жобаларды коммерцияландыруға мүдделі кәсіпкерлер қауымдастығы. Қатысушылар саны 180 адамға дейін өсті.

Өз сөзін қорытындылай келе, Р. Баталов «ҰКП мен Ғылым Академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум ғылыми зерттеулерге, инновациялар мен жан-жақты дамуға деген ортақ ұмтылыстың белгісіне айналады» деген пікірімен бөлісті.

Сонымен қатар, Ұлттық Ғылым академиясының басқарма Президенті Ақылбек Күрішбаев та құттықтау сөз сөйледі:

«Академия дербес жұмыс істеуі керек. Оның қызметіне тек ғалымдар ғана емес, әртүрлі құзыретті мамандар да қатысуы керек. Атап айтқанда, академия нарықтың басқа қатысушыларының тәжірибесіне негізделген тәуекелдерді болжау үшін экономикалық трендтерді зерттейді».

Іс-шара барысында бірі ғылым мен бизнес салалары арасындағы үйлесітру мәселесі, кедергілерді анықтау және жою, ғылым және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет салаларындағы жетістіктерді коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау талқыланды. Бизнесмендер мен Ғылым академиясының өкілдері ауыл шаруашылық саласына назар аударды.

 

Еске сала кетейік, өткен жылы Мемлекет басшысы Ғылым және технология жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында бизнес және ғылыми қоғамдастық арасында іскерлік қатынастар орнату қажеттігін атап өтті. Әлсіз үйлестіру мәселесі қаржыландырудың жеткіліксіздігіне және инвестициялық әлеуеті жоғары инновациялық жобалардың тоқырауына әкелді.

ҚР Парламент Мәжілісі ғылыми жобаларға инвестициялар құйған кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер беретін Салық кодексіне түзетулер жобасын мақұлдады.

Заң жобасында ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу кезінде шегеріске жатқызылған сомадан салық салынатын табысты 50%-ға азайту қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер