astana-view

Сол жағалаудағы саябақта форель аулау орны жабылуы мүмкін

2024 жылғы 16 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
4859 просмотров

Сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорықтың басшылығы кәсіпкерге шартты ұзарту мүмкін еместігі туралы хабарлады.

Саябақ басшылығы шартты ұзарту құқығын ескермей, келісімшарт мерзімі аяқталғанын қателесіп көрсетіп отыр деген пікірдегі кәсіпкер ШҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінді

Кәсіпкердің айтуынша, барлық инвестициялар тек бизнеспен айналысу үшін ғана емес, сонымен қатар саябақтың қызметіне инвестиция салу үшін де жасалады.

- Шарттың талаптарына сәйкес оның қолданылу мерзімі 5 жылға белгіленген, барлық талаптар сақталған жағдайда шарт автоматты түрде ұзартылады, - деп атап өтті кәсіпкер. - Осы объектіде 10 жыл жұмыс істегеннен кейін біз барлық салынған мүлікті – жолға қойылған дайын бизнесті толықтай парк меншігіне өткізуге ниеттіміз. Құрылыс кезінде бұл мүліктің құны 2019 жылы 20 миллион теңгеден асты. Сондай-ақ, инвестициялық салымдардан басқа, біз ай сайын 50 мың теңге төлем жасап отырмыз.

Сонымен қатар, сол жағалау саябағының басшылығы ШҚО прокуратурасының әр жалға алушыға әр түрлі мерзім берілгендігіне қатысты ұйғарымын алға тартады.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы басшының орынбасары Әлия Мұқашеваның, облыс прокуратурасы өкілдерінің, саябақ қызметкерлерінің қатысуымен ШҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде кәсіпкер бірлескен қызмет туралы типтік жалға алушы ретінде емес, инвестициялық жоба ретінде олардың шартын қарастыру туралы өтініш білдірді.

Әлия Орымбекқызының айтуынша, нәтижесінде кәсіпкер саябақ басшылығына инвестициялық қызметті жүргізу туралы өтініш жазуы керек, ал саябақ басшылығы прокуратураға заңнамалық деңгейде осындай қызметті жүргізу мүмкіндігі туралы өтініш жолдайтын болып шешілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер