astana-view

Кәсіпкерлердің тынысы кеңейеді

2014 жылғы 15 Мамыр
2429 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы кәсіпорындарда жұмыс істейтін мамандарды шетелде тағылымдамадан өткізуді қолға алды.  

Тараптардың айтуынша, экономиканың дамуына серпін беретін белді салалар бойынша іріктелген мамандар АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Швеция және Израиль сияқты жетекші мемлекеттерде біліктіліктерін арттырады.  

Осыған байланысты «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Ғани Нығыметов жиын қатысушыларына тағылымдамадан өтудің ереже-шартын жан-жақты түсіндірді.

Ең бастысы, отандық кадрлардың әлемнің ең үздік кәсіпорындарында жинаған мол тәжірибесін Қазақстанға қайта оралғаннан кейін ел экономикасының өркендеуіне атсалысып, үлес қосуы шарт.   

Асқар Әбубәкіров, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаментінің директоры:

Ең бірінші, кәсіпорындарда істейтін жас мамандар, инженерлер, шеберлер, технологтарға арналған бағдарламалар бар. Бұл бағдарламаның мерзімі 1-12 айға дейін болады. Ауыл шаруашылығы, көлік құрастыру, құрылыс салалары бойынша нақты топтарды белгілейміз. Тек қана орталықта емес, аймақтардағы кәсіпорындардан жас мамандарды таңдап, шетелге жіберуді көздеп отырмыз.

Дерекнамасы: Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер