astana-view

Ақтөбе облысынан ұлттық кәсіпкер палатасының I съезіне алты кәсіпкер қатысады

2014 жылғы 15 Мамыр
2393 просмотров

Ақтөбе облысынан ұлттық кәсіпкер палатасының I съезіне алты кәсіпкер қатысады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Маусым айының екінші жартысында Елбасының қатысуымен өтетін бұл шараға баратын ақтөбеліктерді жергілікті кәсіпкерлер дауыс беру арқылы таңдады. Аймақтық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Исламбек Сәлжанов, «Актюбренген» АҚ президенті Рахымжан Имағанбетов, Ақтөбе облысы бойынша сүт және сүт өнімін шығарушылар қауымдастығының төрағасы Марат Итеғұлов, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің аймақтық «Атамекен» қауымдастығының жетекшісі Есімхан Құрманғазин, «КТП» ЖШС бас директоры Всеволод Щегелский, «Дастан» ЖШС президенті Асхат Айтжановтың кандидатурасын ақтөбелік 220 кәсіпкер бір ауыздан қолдады. 

Форум барысында кәсіпкерлер өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлығы дерлік Елбасының жарлығымен құзырлы органдарды тексеруге шектеу қойылғанын бизнеске жасалған қолдау деп бағалады. Десе де, съезд барысында ауылшаруашалығы саласындағы мәселелерді көтеру керектігін ортаға салды. Себебі, ауа-райы мен климаттық жағдайға тәуелді көптеген шаруалардың кәсібі әзірге тұралап тұр. Бірнеше жыл қатарынан қуаңшылық кесірінен әлі күнге дейін қарызын өтей алмай жүргендері бар. Сондықтан несие алуға жеңілдіктер қарастырылып, бережағын өтеуге билік тарапынан жәрдем беруді қалайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер