astana-view

ТМК бойынша мәселелерді талқылау: Саланы дамыту стратегиясын әзірлеу қаралды

2024 жылғы 03 Қазан
542 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында Геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің кезектен тыс отырысы өтті.

Отырысқа Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Бижанова, Геология саласы, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы Николай Радостовец, мемлекеттік органдар мен ассоциация өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде отандық кәсіпкерлер кеңесінің (ОКК) хаттамалық шешімдерін орындау, ҚР Ұлттық даму жоспарының 2024 – 2026 жылдарға арналған мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі ҚР Үкіметінің іс-қимыл Бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ ҰКП мәселелер тізіліміне енгізілген ТМК бойынша мәселелерді талқылау қаралды.

Өз сөзінде Гүлнар Бижанова ТМК кәсіпорындары салық және қаржылық жүктеменің маңызды тұсында тұрғанын атап өтті. Салық ставкаларының өсуі жаңаларын айтпағанда, қолданыстағы жобаларға теріс әсер етуде. Салада жоғары тәуекелдер мен салықтардың күрт өсуіне байланысты сыртқы қаржыландыруды тарту қиындық туғызып жатыр. Сондықтан қазір ТМК-де жұмыс істеп тұрған өндірістерді қолдауға барынша күш жұмсалуда. Мысалы, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында геологиялық барлау саласын дамыту және кен орындарын игеруді ынталандыру бойынша басым бағыттар бекітілген. Салық кодексіне кәсіпорындарды ынталандыру да енгізілді.

Жиын барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында мемлекеттік органдар, ассоциация мен даму институттары өкілдерінің қатысуымен стратегия әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру ұсынылды. Сондай-ақ ТМК даму стратегиясына Ұлттық жоба мәртебесін беру де тілге тиек етілді.       

Қатысушылар хаттамалық шешімдерді орындау бойынша өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер