Цифрлық Қазақстан. Астанада Face ID арқылы қолданылатын медициналық пилоттық жоба іске асырыла бастады
«Атамекен» ҰКП алаңында медициналық мекемелерде пациенттерге биометриялық сәйкестендіруді енгізу мәселесі талқыланды.
Бүгінде пациенттердің биометриясын енгізу пилоттық жобасы жүргізілуде. Жоба «тіркеу» мәселесін шешуге бағытталып, медициналық мекемелер көрсетілмеген қызметтер үшін есеп айырысуды ұсынады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тек 2023 жылы жалпы сомасы 818 млн теңгеге 46 мың тіркеу жағдайы орын алған.
Пилоттық жоба 1 қазанда Астанада басталып, 10-нан астам медициналық ұйымды, оның ішінде жекеменшік ұйымдарды да қамтиды. Жобаны кезең-кезеңмен кеңейту жаңа медициналық ұйымдардың дайын болуына орай келер жылдың 1 қаңтарынан бастап жоспарлануда.
|
Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді үйлестіру және автоматтандыру басқармасының басшысы Айдар Қасенов жүйе өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтті: жоба іске қосылғанан кейінгі алғашқы екі аптада қабылдаулардың шамамен 46% «Face ID» арқылы, 48% цифрлық құжаттар арқылы, ал 6% ғана сәйкестендірусіз өткен.
Ведомство әзірге биометриялық сәйкестендіру тек терапевт, лор, психолог және басқа да мамандардан кеңес алуға қатысты екенін, ал зертханалық зерттеулер пилоттық жобаға кірмегенін атап өтті.
«Еңбек мигранттары мен шетел азаматтарына биометриялық сәйкестендіру қолданылмайды. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша дәрігерлерге биометрияны пайдалану функцияларын беру бөлігінде медициналық көмек көрсету стандарттарына толықтырулар енгізілетін болады», - деді Қасенов.
Бұл ретте, жиынға қатысушылар жүйені енгізуге байланысты кейбір техникалық және қаржылық мәселелерді атап өтті. Мысалы, мекемелерге Face ID-мен жұмыс істеу үшін веб-камераларды сатып алу қажет болады. Алайда, қосымша бағдарламалық жасақтаманы сатып алудың қажеті жоқ, себебі барлық функциялар медициналық ақпараттық жүйелерге (МАЖ) біріктіріледі. Медициналық бизнес қазірдің өзінде қосымша шығындар туралы алаңдаушылық білдіруде.
«Медициналық мекемелерде пациенттерді биометриялық сәйкестендіруді барлық жерде енгізбес бұрын, пилоттық жобаның нәтижелері негізінде оның тиімділігін бағалау қажет. Қаржыландырылмаған жағдайда медициналық ұйымдар, мысалы, 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды міндетті таңбалауды енгізе отырып, нақты көрсетілген қызметтер үшін Қор тарапынан төлемді кешіктіруге, төмен тарифтерге байланысты қосымша қаржылық шығыстарды бастан кешуде», - деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Медициналық қызметтер департаментінің директоры Назгүл Қабдрахманова.
Оның айтуынша, жоба тиімділігінің KPI анықтау қажет және оған қол жеткізілмеген жағдайда бүкіл ел бойынша осы жобаны кеңейту мәселесін қайта қарау қажет.
Денсаулық сақтау министрлігі биометриялық сәйкестендіруді енгізу медициналық қызмет көрсетудің ашықтығын арттырады әрі тіркелу санын азайтады деп күтуде. Алайда, ел бойынша жүйені масштабтау алдында пилоттық жобаның нәтижелерін талдап, медициналық мекемелер тап болуы мүмкін қиындықтарды ескеру қажет.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: