astana-view

Мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Павлодарлық «Атамекенде» бизнеспен кездеседі

2024 жылғы 16 Қазан
- Павлодар облысы
2640 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер Палатасында 17 қазан күні сағат 15.00-де қылмыстық сот ісін жүргізу орбитасына тартылған бизнестің құқықтарын қорғауды түсіндіру мақсатында Павлодар қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты төрағасының қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өтеді.

«Кездесуге кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары, адвокаттық қоғамдастықтың өкілдері және салалық кеңестердің мүшелері шақырылады», - дейді ӨКП директоры Ерқанат Әбенов.

Осы іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, «Атамекен» Палатасы олардан тікелей немесе зум арқылы бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуды сұрайды: Кіру Zoom Конференция https://zoom.us/j/95642906990?pwd=asgozcpRo5W9h0B1bQySZqjArZQewh.1

Конференция идентификаторы: 956 4290 6990

Кіру коды: 629711.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер