Қазақстанның фармацевтика саласының ЕАЭО тіркеу куәліктеріне көшу тұрғысындағы мәселелері
Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібі ЕАЭО аясында дәрілік заттарды тіркеудің жаңа қағидаларына көшуіне байланысты бірқатар күрделі проблемаларға тап болды. Атап айтқанда, ҚР ҰКП өкілдері ЕАЭО талаптары бойынша тіркеу куәліктерін (ТК) аудару Қазақстан халқының дәрілік заттармен қолжетімділігін қамтамасыз етудегі іркілістерге әкелуі мүмкін деп мәлімдейді.
Мәселенің мәні 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, дәрілік заттарды ұлттық ТК күші жойылып, тек ЕАЭО ТУ ғана жарамды болады. Ағымдағы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша ЕАЭО қағидалары бойынша сәйкестендіруге тек 861 (19,2%) өтініш берілді.
ҚР ТК-ін ЕАЭО ТК-не сәйкестендіруге өтінімдердің төмен деңгейі қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің жетілмегендігімен байланысты, бұл ЕАЭО ТК-мен препараттарды мемлекеттік сатып алу шеңберінде сатып алуға болмайтындығына, сондай-ақ бекітілген бағаның болмауына байланысты коммерциялық сегментте сатылмайтындығына әкеледі.
«Осылайша, дәрілік заттың бір ғана атауын сатуды тоқтату 460 млн теңгеге дейін шығын әкелуі мүмкін», – деп атап өтті ҰКП Басқарушы директор – Медициналық қызметтер директоры Назгүл Қабдрахманова.
Мәселенің өзектілігіне әрі оның ауқымдылығына байланысты ҰКП ЕАЭО ТК-не көшу салдарын жеңілдету үшін бірнеше негізгі шараларды ұсынды. Бұл нарықта олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және өндірушілер үшін шығындарды болдырмау үшін ЕАЭО ТК-не аударылған препараттардың шекті бағаларын автоматты түрде сақтау. Сондай-ақ, ҚҰФ қалыптастыру тәсілдерін қайта қарау керек. ЕАЭО ТК-мен отандық өндірушінің препараттары дәрі-дәрмектерді сатып алу тізіміне енуі үшін Қазақстанның ұлттық дәрілік формулярын қалыптастыру кезінде ЕАЭО тіркелген дәрі-дәрмектің бірыңғай тізілімінің деректерін ескеру қажет.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өкілдері жиында ҰКП көтерген мәселелер өте өзекті екенін және халыққа дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін сақтау мақсатында ескерілетін болатыны жеткізілді.
Халықты дәрі-дәрмекпен уақтылы әрі үздіксіз қамтамасыз ету үшін бүгінгі фармацевтика саласының проблемаларына назар аудару маңызды. ҚР ҰКП мемлекеттік органды экономикалық шығындарды болдырмау және өмірлік маңызды препараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық актілердегі кедергілерді жою үшін шаралар қабылдауға шақырады. Барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде фармацевтика саласы, Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да реттеуші орган өкілдерінің туындаған мәселелерді жедел шешу үшін бірлесіп жұмыс істеуі маңызды рөл атқарады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: