astana-view

Еуразиялық ықпалдастық – алып нарыққа апарар жол – Рахым Ошақбаев

2014 жылғы 16 Мамыр
2377 просмотров

Құжат дайындау кезінде кәсіпкерлердің ой-пікірі ескерілді. Baq.kz ақпараттық порталының тілшісіне берген сұхбатында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары осылай деді. Ұлттық Палата Еуразиялық одақ құру туралы Келісімшарт жобасы бойынша өткізілген келіссөздерге белсене ат салысып, қазақстандықтардың мүддесі үшін еңбек етіп келеді.

Еуразиялық экономикалық одақ үш ел үшін де үлкен мүмкіндік ашып отыр. Біздің кәсіпкерлерге 170 миллиондық нарық ашылады. Ол дегеніңіз, біздікіне қарағанда, он есе үлкен нарық. Біздің елде Ресей мен Беларуське қарағанда, бизнес климат жағынан озық тұр, оны көптеген сарапшылардың өздері мойындады. Бізде салық деңгейі төмен, жеке меншік құқықтары қатаң сақталады, біздің реттеуіштер бірнеше есе қолжетімді. Біздегі заңнама бойынша кез келген кәсіпкерлік субъект Үкіметке өз ұсынысын жолдай алады. Мұндай тәжірибе Ресейде де, Беларусьта да жоқ. Сондықтан, Қазақстан бұл елдерге қарағанда, Еуразиялық экономикалық одақ аясында бәсекелестікке төтеп бере алады деп ойлаймын" деді Р.Ошақбаев.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткен жылдың қараша айынан бері Еуразиялық одақ құру туралы Келісімшарт жобасы бойынша өткізілген келіссөздерге қатысуда.

Жалпы, Үкімет пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық тараптың мүддесі үшін аянбай тер төккенін айту керек. Әсіресе, көлік, арнайы субсидиялау, мемлекеттік сатып алу, қызмет саудасы, техникалық реттеу шараларын бағалау тетіктері бойынша көптеген талқылаулар жүргізілді.

"Құжатты дайындау кезінде әлбетте, кәсіпкерлер ой-пікірі ескерілді. Әлі де бизнес иелерінің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдаймыз. Еуразиялық экономикалық одақ құру шартының соңғы нұсқасы санаулы күндерден соң Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтына орналастырылады. Бүгінге дейін шарттың 5 нұсқасын жарияладық. Кәсіпкерлер мен қауымдастық өкілдері құжатты қарап, зерттеп, бізге өз ұсыныстарын жолдады. Біз экономикалық ықпалдастықтың белсенді жақтаушыларымыз. Сондықтан Үкіметке бизнестің құқықтарын сақтауға бағытталған ұтымды тетіктерді ұсынып келеміз" деді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер