astana-view

Қазақстан дипломы Ресей мен Беларусьта да жарамды болады - Т.Доскенов

2014 жылғы 16 Мамыр
2468 просмотров

Қазақстан дипломы Ресей мен Беларусьта да жарамды болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі Талғат Доскенов айтты. 

Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселе елордада өтетін Бірыңғай экономикалық комиссия департаменттері мен комитеттерінің отырысы аясында кеңінен талқыға түсетін болады. Ал аталған отырыстар Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қоярдың алдында, яғни 20 мамыр күні өтпек.

«Отырыстарда дипломдарды заңдастыру мәселесі қаралады. Біз дипломдарды танудағы кедергілерді жою үшін оның автоматты түрде болмаса да жартылай автоматты режімде өтуін қалаймыз. Бұл әрқайсымыздың еркін жүруіміз үшін қажет. Өйткені, біз ортақ еңбек нарығын құрудамыз», - деді ол.

Сонымен қатар Т.Доскеновтің атап өтуінше, аталған алқалы жиындар барысында білім саласынан бөлек еңбек көші-қоны, зияткерлік меншік мәселелері де жан-жақты талқыланатын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер