Талғат Доскенов: интеграция ел кәсіпкерлігі үшін тиімді
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум мүшесі Талғат Доскенов интеграция ел кәсіпкерлігі үшін тиімді болмақ деп мәлімдеді. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.
- Бүгінгі таңда интеграция біздің кәсіпкерлік үшін тиімді екендігін сенімді түрде айта аламыз. Өйткені, 2013 жылы Қазақстаннан Кедендік Одаққа мүше елдерге электр трансформаторларын экспорттау жағынан 7,4 есеге, ал трактор - 5,7 есеге, металлопрокат құрылғылары - 5,5 есеге, тоңазытқыштар мен мұздатқыштарды - 4,5 есеге және жүк көліктерін 3,7 есеге ұлғайған, - деді Талғат Қазыкенұлы.
Осылайша, Еуразялық нарыққа шығу елімізге үлкен шетелдік инвесторларды тартатындығын да тілге тиек еткен ол:
- Біз Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімге қол қойылуын қолдаймыз. Өйткені, экономикалық прагматизм ұстанымымен жетекшілік ету керектігіне көз жеткізіп отырмыз. Қазақстан үшін қандай да бір базалық келісім ескірген болса, оны өзгертуге құықыл, - деп атап өтті
Пікір қалдыру:
Пікірлер: