Қазақстанның 138 млрд. теңгесі оффшорда жатыр
Бұл жағынан әлем бойынша алғашқы ондыққа кіреді екенбіз.
Қомақты қаражатты енді елге қайтаруға қам жасау қажет. Тапқан табысынан мемлекетке салық төлеуден қашқандардың қатарында министр, миллиардерлер, сенатор мен банкирлер де бар. Сол себепті Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан сәуірде құрылған арнайы кеңес аталған проблеманы мықтап қолға алмақ. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиналғандар оффшордан бөлек, 6 мәселені ортаға салды. Мемлекеттік сатып алудағы жариялылықтың жетіспеуі жіпке тізілді, «СТ-КЗ» форматындағы отандық сертификаттың заңсыз айналымы да ашық айтылды.
Талғат Доскенов, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум мүшесі:
- Бұл кеңес кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруда құқықтық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда серпін бермек. Сонымен қатар, бүгін сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдардың халықаралық тәжірибесі зерттеліп, ұлттық заңнамаға енгізу керектігі айтылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: