astana-view

ҰКП ұсыныстарының 90 пайызы қазақстандық тараптың позициясын қалыптастырды – Р.Ошақбаев

2014 жылғы 19 Мамыр
2249 просмотров

Ұлттық кәсiпкерлер палатасы әзірлеген 120 ұсыныстың 90 пайызы қазақстандық тараптың позициясын қалыптастырды. Бұл туралы бүгiн «Қазақстан -2050» демократиялық күштердiң жалпыұлттық коалициясының отырысында Қазақстан ұлттық кәсiпкерлер палатасы төрағасының бiрiншi орынбасары Рақым Ошақбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi. 

«Қазақстандық бизнес қауымдастыққа берiлген мүмкiндiктер Ресейде де, Беларусьте де жоқ екендiгiн атағым келедi. Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келiсiмшарттың жобасын әзiрлеуде кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерi өздерiнiң ұсыныстарын айтуға мүмкiндiк алды. Ұлттық палата алаңында 30-дан аса кеңес ұйымдастырылды. Оның нәтижесiнде 21 хатта ресми позициямызды бiлдiрдiк»,- дедi Р.Ошақбаев. 

«Бүгiнгi статистика мынадай, бiз әзірлеген 120 ұсыныстың 90 пайызы қазақстандық тараптың позициясын қалыптастырды»,- деп түйіндеді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер