astana-view

2014 жылы КО аймағында 2,5 млн контрафактілі өнім табылды – Т. Сүлейменов

2014 жылғы 21 Мамыр
2431 просмотров

Бүгін VII АЭФ аясындағы «БЭК бизнес-диалогының іскерлік конгресі: Еуразиялық экономикалық одақ жолы» атты панельді сессия барысында Еуразиялық экономикалық одақтың экономика жән қаржы саясаты бойынша Мәскеудегі алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов КО аясында табылған заңсыз өнімдер туралы баяндады.

«Контрафактілі өнімдердің айналымы біздің экономиканы құлдыратады. Бұл орайда КО жағдайын алатын болсақ, кедендік қызметтің ақпараты бойынша, 2013 жылы 9,5 млн көнтрафактілі өнім табылды», - деді ол.

Оның айтуынша, кедендік және өзге құқық қорғау органдарының көмегімен 100 млн теңгенің  шығыны ауыздықталды.

«Бұл мәліметтер 2014 жыл бойынша аса өзгеріске түспеді. 2,5 млн бірлік контрафактілі өнімнің шығыны 30 млн теңгені құрады», - деді Т. Сүлейменов.

Айта кетейік, бүгін Астана экономикалық форумында  сарапшылар, бинес-қауымдастық мүшелері мен өзге өкілдер  қазіргі заманның экономикалық және заманауи жағдайымен күрес мәселесін талқылауда.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер