astana-view

ҒАНИ ҚАСЫМОВ ӨҢІРІМІЗДЕ

2014 жылғы 22 Мамыр
2366 просмотров

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы Ғани Қасымов бастаған бір топ делегат Оңтүстікке келді. Олардың басты мақсаты кәсіпкерлерге кедергі келтіретін факторларға тосқауыл қою. Осыны қолға алған ұжым өңіріміздегі алғашқы отырыста 5 бірдей мәселені қарады.

Ғани Есенгелдіұлы жиынның басын өзі жетекшілік етіп отырған су жаңа кеңестің негізгі атқаратын қызметтерін таныстырудан батады. Сондай-ақ, жұмыс жоспарына сәйкес кәсіпкерлердің бірнеше кедергісін тізіп берді. Олар қала құрылысы кеңесінің жұмысы, жер учаскелік құқықтарды рәсімдеу кезіндегі кедергілер. Соның ішіндегі ең өзекті дегендерінің бірі электр қуаты үшін 100 пайыздық алдын ала төлемдері туралы мәселе болды.

Ғани ҚАСЫМОВ, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің төрағасы:
- Бұл мәселе бойынша ОҚО монополияға қарсы инспекциясы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеулер қорытындысы бойынша 100 пайыздық алдын ала төлеу туралы бірнеше құқық бұзушылықтар орын алғаны анықталған. Бүгінде мұндай ол қылықтар шығыс қазақстан, Ақмола облыстарында да кездесіп отыр.

Мұндай еліміздің басқа да аймақтарында кездесетін түйіткілді мәселе бізде де белең алып отырғанын өңіріміздің бизнесті сервистік қолдау бөлімінің басшысы да атап өтті. Көтерілгеніне жылдың жартысы өтсе де оңтайлы шешімі табылмай келе жатқан  мәселеге байланысты келтірілген деректерге монополияға қарсы инспекция басшысының өз айтары бар екен. Талғат мырзаның пікірінше ауыз толтырып айтарлықтай бүлінген дәнеңе де жоқ, бәрі де заң шеңберінде.

Темірді ыстықтай басу керектігін ескерген өңіріміздің халық қалаулысы Саду Бекенов мырза жарық беруші мекемелердің жұмысына көңілі толмайтын тұстарын да айта кетті. Айталық, тоқ көзінің ойнамалылығынан зардап шеккен тұрғындардың материалдық шығынына да монополист жауап беруі керек деп салды.

1 сағатқа жуық екі жақты өз ара тартыстан кейін жиналғандар аталған мәселелерді заң шеңберінде бір шешімін табатын болып болып бір бітімге келді. Айта кетерлігі кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің жұмысы алдағы уақытта да кеңейе түспек. Мұндай жиын өңіріміздің басқа да аудандарында өткізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер