astana-view

Еуразиялық экономикалық одақ құруға қатысты басты құжат дайын

2014 жылғы 22 Мамыр
2322 просмотров

Еуразиялық экономикалық одақ құруға қатысты басты құжат дайын. Қазір ол Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттерінің қарауында. 29 мамыр күні Астанада үш ел басшыларының қатысуымен жаңа одақтың құрылғандығы туралы жария етіледі. 20 жылдай әзірленген басты құжатқа қандай өзгерістер енгізілгені туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз болды. 

Үкімет қазақстандық Ұлттық палатаға келіссөздер процесіне қатысуға және жалпы шарттардың әр түрлі бөлімдері бойынша Қазақстанның позициясын жасауға толық мүмкіндік бергенін айта кету жөн. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаевтың айтуынша, мұндай мүмкіндік тек біздің бизнес-қауымдастықта ғана болған.  

Рахым Ошақбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары: 
- Үкіметтің Елбасының тапсырмасы бойынша бизнес-қауымдастығына берген көмегі орасан. Себебі мұндай мүмкіндіктер, не Ресей, не Беларусь елінің бизнес-қауымдастығында болмады. 

Осының арқасында Ұлттық кәсіпкерлер палата бизнес қауымдастықтың ұсыныстарының басым көпшілігін қорғап қалды. Соның арқасында: 

Құжат жобасында тәуелсіз өнеркәсіп саясатын өткізу мүмкіндігіне қол жеткізілді.  Көлік саласында каботаждық тасымалдауларға қойылатын шектеулер алып тасталынды. Қазақстандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру аясында көлік қызметтерінің ортақ нарығы құрылмайтын болды. 

Рахым Ошақбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары: 
- Сондай-ақ, құжат жобасынан ерекше тарифтерді ұсынудың бірыңғай ережелері алып тасталынды. Және теміржол тасымалына транзиттік тарифтерді сәйкестендіруге қатысты сұрақ  еуразиялық комиссияның келісімінен кейін шешілетін болады. 

Сарапшылар Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы кедендік одақ пен бірыңғай экономикалық кеңістіктің жалғасы екендігін баса айтуда. Оны статистикалық деректерде дәлелдеп отыр. Интеграциядан пайда бар.

Өткен жылы Қазақстанның тауар айналымы Кеден Одағы мемлекеттері арасында 24 млрд. доллардан асқан. Ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 23 млрд. долларды құраған. 

Қазіргі таңда басты құжаттың соңғы тұжырымдамасы үш ел басшыларының қарауында жатыр. Ал, 29 мамыр күні Астанада үш ел басшыларының қатысуымен жаңа одақтың құрылғандығы туралы жария етіледі деп жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер