astana-view

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҰСЫНЫСЫ ҰМЫТ ҚАЛҒАН ЖОҚ

2014 жылғы 22 Мамыр
2383 просмотров

Енді тұп-тура 6 күннен кейін, яғни 29 мамырда Астанада үш елдің президенттері Еуразиялық экономикалық одаққа қол қояды. Аталған ұйымның шарттары бірнеше рет толықтырылып, соңғы нұсқасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтына 15 мамырда қайта жарияланды. 

Сонымен, жаңа жобада Қазақстан тарапының мүдделері қаншалықты ескерілді?

– Құжат бізге өткен жылдың қарашасынан берілгелі бері оны талқылау үшін 30-дан аса түрлі кеңес отырыстарын ұйымдас­тырдық, – дейді кеше елордада Орталық коммуникациялар қыметінде брифинг өткізген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бас­қарма төрағасының орын­басары Рахым Ошақбаев. – Шартты талқылау барысында біздің топ Мәскеу мен Минск қаласында болған арнайы ко­миссияның да отырыстарынан қалмай қатысты. Мәтінмен та­ны­сып шыққан кәсіпкерлер та­рапынан ескертулер мен ұсы­ныстар молынан түсті. Шарттың барлық бөлімдері бойынша жи­нақталған ескертпелерді топ­тас­тырып, Үкіметке 120-дан аса ұсы­­нысты жолдадық. Нәтиже­сінде, оның 90 пайызы қазақ­стандық келіссөздер тобының ресми позициясы ретінде Шарт жоба­сына енгізілді. 

Кәсіпкерлер палатасы өз әріптестерін ел экономикасына тікелей әсер ететін жобаны жан-жақты талқылауға үнемі жұмыл­дырып келіпті. Жобаның 6 редак­циясын да дер кезінде алдыртып, жалпы қоғамға танысуға ұсынып отырған. 170-тей мақала жария­лап, елді ортақ пікір бөлісуге шақырыпты. Ошақбаевтың мә­лімдеуінше, ЕАЭҚ заңнамасын қалыптастыруға қатысу бойынша Үкімет кәсіпкерлерге орасан зор мүмкіндік берген. Салыстырмалы түрде айтқанда, ресейлік және беларусьтық кәсіпкерлер Шарт­пен тиянақты түрде таныспапты да. «Оның қасында Үкімет бас­шысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен бизнес-қауым­дастықтың бастамаларының басым бөлігі ескеріліп, маңызды құжатқа енгізілді. Енді осы қол­даудың аясында отандық бизнес­мендер одақ аясында бәсекеге қабілетті деңгейде жұмыс істеуге жұмылғаны жөн. Және солай бо­лады деп сендіргім келеді» дейді Ошақбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер