astana-view

Иманғали Тасмағамбетов «Астананың үздiк кәсiпкерi» сыйлығын тағайындамақ

2014 жылғы 27 Мамыр
2395 просмотров

Астана әкiмi Иманғали Тасмағамбетов қаланың 16 жылдығына орай, бизнесмендерге, инвесторлар мен меценаттарға арнайы сыйлық тағайындауды жоспарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Бiз биылғы жылдан бастап, қаламыздың кәмелеттiк жасқа толуы кезеңiнен елордалық кәсiпкерлiктi көтермелеудiң маңызды шараларын қолға алу керек деп санаймыз. Бiз жыл сайынғы «Астананың үздiк кәсiпкерi», «Елорданың үздiк инвесторы» және «Елорданың үздiк меценаты» сыйлықтарын тағайындамақпыз», - дедi И. Тасмағамбетов бүгiн Астанада өткен Ұлттық кәсiпкерлер палатасының отырысында. 

Оның сөзiне қарағанда, аталмыш сыйлықтар 5 шiлдеде салтанатты қабылдау кезiнде тапсырылатын болады. Байқауды әкiмдiкке кәсiпкерлер мен инвесторлардың тiзiмiн беретiн Ұлттық кәсiпкерлер палатасы өткiзедi. 

«Менiңше, бұл бәсекелестiктiң дамуына оң серпiн бередi. Сонымен қатар сәттi әрi iскер кәсiпкерлердi көру бiз үшiн өте пайдалы», - дедi әкiм. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер