astana-view

Қазіргі уақытта Астанада 56 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді

2014 жылғы 27 Мамыр
2736 просмотров

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының конференциясында 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтің аралық қорытындысы шығарылып, кәсіпкерлікті дамыту жолдары айқындалды. Бұл туралы astana.kz сайтына конференция барысында мәлім болды.

Шара ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезі қарсаңында өткізілді, оған Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Ұлттық Палата Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев пен қалалық бизнес қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнестің үлесін арттыруға және іскерлік ахуалды жақсартуға, адам ресурстарын дамытуға, дуальды білім беру жүйесін қалыптастыруға және кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға басымдық беріп отыр. Сонымен қатар, бизнес жүргізуге жер телімдерін беру мен Сәулет және қала құрылысы басқармасында құжаттарды ресімдеу де алдыңғы қатардағы міндеттердің бірі болып табылады.

«Палата нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасап, құрылыс саласындағы рұқсат беруші құжаттарды ресімдеу мерзімін 120 күннен 30-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін жүйе әзірледі», - деді Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мажитов.

«Кез-келген қалалық ортада кәсіпкерлікті дамытудың ең басты әрі маңызды талабы  қолайлы бизнес ахуал құру болып табылады. Негізінен, бұл шағын және орта бизнес пен қаламыз үшін аса маңызды әлеуметтік индикатор. Бүгінде Астана экономикасы тұрақты өсуде, бұл ел бюджетіне түсетін қаржының жалпы құрылымына да әсерін тигізеді. Сондай-ақ, жеке табыстың да артуы байқалады», - деді қала басшысы Иманғали Тасмағамбетов.

«Қазіргі уақытта Астанада 56 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17% артық. 2013 жылы өнімнің өндіру көлемі 1трлн.200млрд. теңгені құрады, бүгінде Астана осы салада бір қызметкерге есептегенде өндірілген өнім көлемі бойынша бірінші орынға шықты. Республикамызда бұл көрсеткіш 3,4 млн.теңге болса, Астана бойынша 2 есеге артық», - деді қала әкімі.

Жыл басынан бері елордада Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 1 мыңға жуық кәсіпкерге 2300 тарта консультация берілді. Бұл ретте көмекке жүгінгердердің жартысынан астамы қаржылық мемлекеттік қолдау мен оқыту мәселелеріне қызығушылық танытқан.

Алдағы уақытта Палата келесі бағыттар бойынша сервистік қолдау жобасын қолға алады: салықтар мен бухгалтерлік есеп, маркетинг, ақпараттық технологиялар, сапа менеджменті жүйесі және кеден процедуралары. Сонымен қатар, қалалық әкімдікпен бірлесіп Құрылыс-техникалық колледж базасында екі және одан артық аралас кәсіпке ие білікті әмбебап мамандар даярланатын ресурстық-технологиялық орталық құрылады.

Палатаның әлеуметтік саладағы жартыжылдық қызметінің қорытындысы ретінде 28 мамырда бизнес, білім мекемелерінің өкілдерінің, студенттер мен жұмыс іздеген азаматтардың қатысуымен Астаналық жұмыспен қамту форумын өткізу жоспарланған.

«Жақын арада Астана өзінің 16 жылдығын атап өтеді. Өздеріңіз білетіндей, елорда күні  ерекше мереке. Бұл уақытта біз қызметіміздің қорытындысын шығарамыз. Биылдан бастап елордалық кәсіпкерлердің де жетістіктері атап өтілмек. Біз үздік елордалық кәсіпкер, инвестор, меценат сыйлықтарын бекіттік. Сыйлық жыл сайын 5 шілдеде ұсынылатын болады. Меніңше, бұл кәсіпкерлерімізді ынталандырады. Байқауды Астана қаасының Кәсіпкерлер палатасы өткізеді», - деді Иманғали Тасмағамбетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер