astana-view

2014 жылы 1,5 мыңнан астам кәсіпкерлік мекенжайлық қолдауға ие болады

2014 жылғы 27 Мамыр
2180 просмотров

Астана кәсіпкерлер палатасы 2014 жылдың соңына дейін 1,5 мыңнан астам кәсіпкерлікті мекенжайлық қолдаумен қамтамасыз етеді, деп мәлімдеді Астана кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов қала кәсіпкерлерінің конференциясында.

«Биылғы жылдың соңына дейін қаланың 1,5 мыңнан астам кәсіпкерлігі мекенжайлық қолдаумен қамтамасыз етілмек. Соның ішінде сыртқы экономикалық қатынастар басым бағыттардың біріне айналды. Біз қала кәсіпкерлерінің Ресей, Үндістан, Жапония, Бахрейн, Ауғанстан мен Сауд Арабиясының әлеуетті әріптестерімен кездесуі ұйымдастырылды», - дейді М.Мәжитов.

Жалпы, 2014 жылдың 6 айында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына мыңнан астам кәсіпкер келіп, олар 2300 рет кеңес алған. Соның ішінде келген кәсіпкерлердің жартысынан көбі мемлекеттік қаржылық қолдау мен оқыту шараларына қызығушылық танытқан.

«Қазіргі таңда бизнестің басты проблемаларының бірі өнімді сату мәселесі. Қаламыздың тауар өндірушілігін ілгерілету үшін кәсіпкерлер палатасы «Астанада жасалған» атты тауарлар жинағын шығаруда. Сонымен қатар, палата құрылыс саласындағы рұқсаттама құжаттарын 120 күннен 30 күнге дейін қысқартатын кесте құрылып, нормативті-құқықтық актілерге сараптама жасады», - дейді ол.

Сонымен қатар, алдағы уақытта Астана кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті бастаудың жеті бағыты: салық пен бухгалтерлік есеп, маркетинг, ақпараттық технология, сапа менеджменті жүйесі, кедендік рәсімдер бойынша қызметтік қолдау жобасын іске асыра бастайды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер