astana-view

Кәсіпкерлер Палатасы мен білім ордалары келісім жасады

2014 жылғы 23 Мамыр
2304 просмотров

ОҚО кәсіпкерлер Палатасы мен «Назарбаев Зияткерлік мектектептері» дербес білім беру ұйымы арасында білікті мамандарды даярлау бағдарламасы аясында Қазақстандағы жалпы орта және кәсіби техникалық білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына және Назарбаев Зияткерлік мектектептерінің барлық филиалдарында бейіндік кабинетін сонымен қатар, мектеп бағдарламасына бейінді жұмыстарды ұйымдастыруды енгізу келісімі жасалды. Бұл жайында ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы жалпы орта және кәсіби техникалық білім беру білікті мамандардыдаярлау бағдарламасы ОҚО кәсіпкерлер Палатасы стратегиясында маңызды орын алып отыр. 

Қазақстан Республикасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған жобаның бағыты оқушылардыңболашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына, сонымен қатар еңбек нарығындағы кәсіпорындар менқажетті мамандықтар туралы ақпараттандыруға бағыттау. Жоба мақсаты: мамандықтыңқұндылықтарын толық таныта отырып, оқушыларға болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына жағдай туындату. Бұл жұмысты Назарбаев Зияткерлік мектектептерінің оқытушылары мен ОҚО кәсіпкерлер Палатасы қызметкерлері бірігіп жоспарлап отыр. Жоспар бойынша мұғалімдер мен ОҚО КП қызметкерлері мектеп оқушыларына 17 сағаттық оқу бағдарламасын жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер