astana-view

Тимур Құлыбаев Тобыл өңіріндегі бірнеше ірі кәсіпорында болды

2014 жылғы 19 Маусым
2356 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Тобыл өңіріндегі кәсіпкерлердің тыныс-тіршілігімен танысып, бірнеше ірі кәсіпорында болды. Сапар барысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының делегациясы «ЕвразКаспианСталь» серіктестігін аралады. Жылына 450 мың тонна меттал өнімдерін шығаратын кәсіпорын Қостанайда былтыр іске қосылған. Темір өңдейтін зауытта қазір 250 адам жұмыс істейді. 

Мұнан соң Тимур Құлыбаев палата кеңесінің мүшелерімен, аймақ басшыларымен және жергілікті кәсіпкерлермен жүздесті. Алқалы жиынға басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов те қатысып, Ұлттық палатаның мақсат-міндеттері мен негізгі бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ кездесуде қостанайлық кәсіпкерлердің проблемалары мен ұсыныс-тілектері тыңдалды. Өңірдегі кәсіпкерлікті ілгері дамыту мәселелері көтерілді. 

Тимур Құлыбаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы: 

Осындай кездесулер барысында біз көптеген сұрақтардың жауабын табуға тиіспіз. Мәселен, кепілдік жөнінде. Мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігі. Қазіргі мол тәжірибені алға тарта отырып, Үкіметке өз ұсыныстарымызды білдіруіміз керек. Яғни мемлекеттік бағдарламалардың бизнеске тиімді болуына жол ашуымыз қажет. 

Дерекнамасы: Астана ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер