Мұрат Әбенов Қызылорда облысында кәсіпкерлер құқығын қорғайды
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңеске Мұрат Әбенов төраға болып тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
М. Әбенов 1965 жылдың 20 тамызында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында туған. Ол Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Білім және ғылым министрінің орынбасары қызметтерін атқарған. Бұдан бөлек Парламенті Мәжілісінің IV-V шақырылымының депутаты болған.
Дерекнамасы: Егемен Қазақстан
Пікір қалдыру:
Пікірлер: