astana-view

Сот шешімдері кәсіпкерлер пайдасына шығарылды

2014 жылғы 20 Маусым
2457 просмотров

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңесі жергілікті бизнесмендердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша 2-ші отырысын өткізді. 

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңес бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі мәселелерін тиімді және жүйелі түрде шешу мақсатында құрылған Кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс жасайтын консультативтік-кеңесші органы болып табылады.  Жергілікті бизнес-қауымдастығының және жекелеген кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау бойынша жүйелі ықпал ету Кеңестің негізгі бағыттары болып табылады. 

Мүдделі мемлекеттік органдардың, прокуратура, қаржы полициясы, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың және басқа да кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен өткен Кеңестің 2-ші отырысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен кандидатурасы келісілген Кеңес Төрағасы – Әбенов Мұрат Абдуламитұлы таныстырылды. Ол қазақстанның Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде министрдің орынбасары болған.Сондай-ақ, бұған дейін бірқатар басшы лауазымдарын атқарған – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің IV-V шақырылымының депутаты. 

Кеңес мүшелерінің жалпы пікірі бойынша Төрағаның жұмыс тәжірибесі, оның белсенді азаматтық ұстанымы, заңдылықтарды терең теориялық және тәжірибелік білуі Кеңес жұмысына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Кеңесте Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Д.Ж.Мырзалиевтың алдыңғы Кеңес отырысындағы мәселелер туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық сот актілерін орындау Департаментімен Қызылорда облысының ауданаралық экономикалық сотының «Фрак Джет» ЖШС-нің пайдасына орындамауы туралы және ЖК «Ю.П.Цойдың» «Визави» дәмханасын кіші жатақханаға қайта жоспарлауға рұқсат құжаттарын алу барысындағы мәселелері талқыланды.  

Кеңес жұмысының басталғаннан бері Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары соттың іс қарауларына белсенді қатысып, нәтижесінде сот шешімдері кәсіпкерлер пайдасына шығарылды. Мысалы, «Кеден Сервис» ЖШС-не 350 млн. теңге көлемінде заңсыз есептелген кедендік төлемдер сот шешімі негізінде төлеуден босатылып, заң бұзышылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.     

Сонымен қатар, Кеңеспен «Фрак Джет» ЖШС-нің пайдасына өңдіру туралы атқарушылық іске қатысты Қызылорда облысы бойынша сот актілерін орындау Департаментіне Қызылорда облысы прокуратурасы тарапынан тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды. Айта кету керек, аталған атқарушылық іс бойынша Қызылорда облысы бойынша сот актілерін орындау Департаменті борышкер бола тұрып, берешек соманы өндіру үшін ешбір әрекет жасамай «Фрак Джет» ЖШС-не қаражатын төлеуге кедергі келтіруде.Тексеру нәтижелері бойынша барлық тиісті құжаттар Қызылорда облысының Тәртіптік кеңесіне жолданатын болады. Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде жасанды түрде созылған ЖК Ю.П Цойдың «Визави» дәмханасын шағын жатақханаға қайта жоспарлау жөніндегі мәселесі оң шешімін тапты. 

Дерекнамасы: syrboyi.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер